2 C
Алматы
Среда, 13 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Коронавирус

    Алматыда Орталық қалалық клиникалық аурухананың жаңа бас дәрігері коронавирус жұқтырған

    Алматыдағы Орталық қалалық клиникалық аурухананың жаңа бас дәрігері коронавирус жұқтырып, инфекциялық ауруханада жатыр. Бұл ақпаратты оның хирургия жөніндегі орынбасары Самат Жәрменов растадыAzattyq Rýhy ақпарат агенттігінің тілшісіне берген сұқбатында клиниканың қызметкері өзі де 6 күннен бері ауруханада жатқанын айтты. Аурухана бас дәрігерінің орынбасары да қауіпті індетті жұқтырып, Қорғаныс министрлігіне қарасты госпитальде ем алып жатқанын мәлімдеді.

    «Марат Шадыбайұлы (Марат Абдуллаев — авт.)  вирус жұқтырып алған, ересектерге арналған инфекциялық ауруханада жатыр. Негізі, біздің клиникада алғаш COVID-19 вирусы шыққан кезде, белгілі бір бөлімшені жауып, қалғанының бәрін шығарып жіберу керек еді. Ал біздің клиниканы толық жапқан соң, пациенттері бар, қызметкерлері бар, олар тым көп қой, солар бір-біріне жұқтырды. СЭС (Алматы қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті — авт.) солай жұмыс істеді ғой. Ешкімді жібермесін деп, аурухананы қоршауға алған соң ішінде инфекция бүкіл бөлімшелерге тарап кетті. Сондықтан ауруханаға кірген адамдардың барлығы жұқтырды», — деді Самат Мәдиханұлы.

    Самат Жәрменовтің айтуынша, Марат Абдуллаев қызметке тағайындалған соң, тоғыз күн өткенде ауырған. Яғни 24 сәуірде ол И.С. Жекенов атындағы қалалық клиникалық инфекциялық ауруханаға жатқызылған. «Оның жалпы жағдайы туралы білмеймін, себебі, екеуіміз екі бөлек клиникада ем алып жатырмыз» деді оның орынбасары.

    «Марат Шадыбайұлы 24-інде (сәуір — авт.) түсті. Ол кісі басқа клиникада, біз Қорғаныс министрлігі госпиталінде жатырмыз Менің алғашқы екі анализім теріс болып шыққан. Кейін аурухана әкімшілігінен вирус шықты. Тіпті, Марат Шадыбайұлының өзі де жұқтырып алған. Алғашқы 11-і мен 19-ында (сәуір айы — авт. ) анализдеріміз теріс болғаннан кейін, 23-інде оң болып келді. 21 сәуірге қарай бізде клиникалық белгілері пайда болды. Сонда сездік. Ал 23-іне тапсырғанда нәтижесі оң болып келді.  Ал 24-інде ауруханаға келіп жаттық. Менде әлсіздік, температура болды, кейін осында келген соң жөтел қосылды. Отбасы мүшелерін карантинге алған жоқ. Себебі, үйден ертерек шығып кеткенмін. Оларды дегенмен, есепке алып қойды. Қазір үй карантинінде», — деді Алматы Орталық қалалық клиникалық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары.

    Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Нәбира Есенова бас дәрігердің денсаулығына байланысты ақпараттар дәрігерлік құпияға жататынын айтты. Ол Azattyq Rýhy ақпарат агенттігінің тілшісіне Марат Абдуллаевтың уақытша жұмыс істемейтінін растады.

    Айта кетейік, Алматыдағы Орталық қалалық клиникалық аурухананың басшысы міндетін атқарушы болып Марат Абдуллаев биыл 15 сәуірде тағайындалды. Ол 2012-2017 жылдары осы клиниканың директоры қызметін атқарған. Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының бұйрығымен Алматы орталық қалалық клиникалық ауруханасының бұрынғы бас дәрігері  Алмас Жувашев қызметінен босатылған болатын. Бұл медициналық мекемеден соңғы деректер бойынша короновирус жұқтырған 263 медицина қызметкері инфекциялық және провизорлық клиникаларда емделіп жатыр.

    қатысты посттар

    Бекболат Тілеухан коронавирус жұқтырып, ауруханада жатыр

    Фариза

    Жыл басынан бері вакцина паспортын сату мен ПТР-тестті қолдан жасауға қатысты 65 қылмыстық іс қозғалған – ІІМ

    Фариза

    Ел президенті коронавирустан көз жұмды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    three × 3 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.