12 C
Алматы
Сәрсенбі, 8 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Қордайдағы қақтығысқа қатысқан азамат Алматыдағы қамау изоляторында қайтыс болды

    29 сәуірі күні таңғы сағат 08.00-де Алматы қаласының тергеу изоляторында қамауға алынған Кибаев Бекбол Мухамедович есімді азамат сол жақ қолының білек тұсы кесілген күйінде дәретханадан табылған. Камерада онымен бірге басқа да қамалуышылар болған. Бұл туралы РҚ Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

    «Оған изолятордың медициналық қызметкерлерімен бірден алғашқы көмек көрсетілген, алайда оны құтқарып қалуға мүмкіндік болмаған. Құтқару үшін келген жедел жәрдем бригадасы оның қайтыс болғанын айтқан. Өлімнің алдын ала себебі – көп қан жолғалтуынан болуы мүмкін», – делінген хабарламада.

    Бас прокуратураның хабарлауынша, қамау изоляторында қайтыс болған Бекбол Кибаев Жамбыл облысы Қордай ауданындағы жаппай тәртіпсіздікке қатысқаны үшін ұсталып, тергеу изоляторына қамауға алынған.

    «Оның қайтыс болу фактісі бойынша Алматы қаласының арнайы прокурорларымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Орын алған жағдай бойынша барлық мән-жайлар объективті зерттеліп, жұртшылыққа жеткізіледі», – дейді РҚ Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

    қатысты посттар

    Түркістанда 9-сынып оқушысы балалы болды

    Фариза

    Үкімет барлық қалада қоғамдық көлікті тегін етпек

    Фариза

    Ұшаққа отырған ауғандардың жаншошырлық суреті жарияланды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    one × four =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.