-11.1 C
Алматы
Среда, 25 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар Денсаулық

    Шымкент қаласына 7,1 миллиард теңгеден астам қаражатты құрайтын дәрі-дәрмектер жеткізілді

    Қазіргі таңда Шымкент қаласының медициналық ұйымдарына амбулаториялық жағдайында емделушілерге және диспансерлік есепте тұрған пациенттерге  2,4 млрд. теңге құрайтын 382 атаулы  дәрі-дәрмек жеткізілді.

    СК-Фармация меккмесінің мәліметі бойынша, жалпы алғанда, Шымкент қаласындағы медициналық ұйымдар амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін 2020 жылға, 4,6 млрд. теңгеден асатын дәрілік заттар мен медициналық  бұйымдарға тапсырыс берген.

    Бүгінгі таңда пациенттерге 1,6 миллиард теңгеден асатын дәрі-дәрмектер берілді.

    Сонымен қатар, 2020 жылға стационарлық жағдайында емделетін науқастар үшін  Шымкент қаласының медициналық ұйымдары 5,3 миллиард теңгеден асатын дәрі-дәрмектерге тапсырыс берді.

    Оның 4,7 миллиард теңгеден астам дәрі-дәрмегі  қазіргі таңда жеткізілді.

    Дәрілер амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін ауруханаларға, сондай-ақ медициналық ұйымдарға, яғни диспансерлік есепте тұрған және тегін рецепт бойынша дәрі-дәрмек алатын азаматтарға жеткізілуде.

     

    Г.  Қапал.

    қатысты посттар

    Ең бірінші қандай гүлдің атауын көрдіңіз? Өз мінезіңізді анықтаңыз

    Жамбыл қоймаларында аймақ тұрғындары тұтынатын көкөніс қоры жеткілікті

    Фариза

    Жұмыс нәтижесі бойынша аудан рейтингі қалай?

    Пікір қалдыру

    3 × 3 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.