Суббота, 7 февраля 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Қордайдағы қақтығысқа қатысқан азамат Алматыдағы қамау изоляторында қайтыс болды

    29 сәуірі күні таңғы сағат 08.00-де Алматы қаласының тергеу изоляторында қамауға алынған Кибаев Бекбол Мухамедович есімді азамат сол жақ қолының білек тұсы кесілген күйінде дәретханадан табылған. Камерада онымен бірге басқа да қамалуышылар болған. Бұл туралы РҚ Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

    «Оған изолятордың медициналық қызметкерлерімен бірден алғашқы көмек көрсетілген, алайда оны құтқарып қалуға мүмкіндік болмаған. Құтқару үшін келген жедел жәрдем бригадасы оның қайтыс болғанын айтқан. Өлімнің алдын ала себебі — көп қан жолғалтуынан болуы мүмкін», — делінген хабарламада.

    Бас прокуратураның хабарлауынша, қамау изоляторында қайтыс болған Бекбол Кибаев Жамбыл облысы Қордай ауданындағы жаппай тәртіпсіздікке қатысқаны үшін ұсталып, тергеу изоляторына қамауға алынған.

    «Оның қайтыс болу фактісі бойынша Алматы қаласының арнайы прокурорларымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Орын алған жағдай бойынша барлық мән-жайлар объективті зерттеліп, жұртшылыққа жеткізіледі», — дейді РҚ Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

    қатысты посттар

    «Несін жасырайын, аузым күйіп, үріп ішіп жүрген өзім де сондай ойда болдым…»

    Қазақстандықтар наурызда неше күн демалады?

    Шымкенттік шенеунік әйелдер туралы жазбасынан кейін қызметінен кетті

    Фариза

    Пікір қалдыру

    19 − two =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.