Қазіргі таңда Шымкент қаласының медициналық ұйымдарына амбулаториялық жағдайында емделушілерге және диспансерлік есепте тұрған пациенттерге 2,4 млрд. теңге құрайтын 382 атаулы дәрі-дәрмек жеткізілді.
СК-Фармация меккмесінің мәліметі бойынша, жалпы алғанда, Шымкент қаласындағы медициналық ұйымдар амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін 2020 жылға, 4,6 млрд. теңгеден асатын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға тапсырыс берген.
Бүгінгі таңда пациенттерге 1,6 миллиард теңгеден асатын дәрі-дәрмектер берілді.
Сонымен қатар, 2020 жылға стационарлық жағдайында емделетін науқастар үшін Шымкент қаласының медициналық ұйымдары 5,3 миллиард теңгеден асатын дәрі-дәрмектерге тапсырыс берді.
Оның 4,7 миллиард теңгеден астам дәрі-дәрмегі қазіргі таңда жеткізілді.
Дәрілер амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін ауруханаларға, сондай-ақ медициналық ұйымдарға, яғни диспансерлік есепте тұрған және тегін рецепт бойынша дәрі-дәрмек алатын азаматтарға жеткізілуде.
Г. Қапал.