1 C
Алматы
Пятница, 22 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Дін Карантин

    Ораза кезінде тісті тазалауға болады ма?

    «Рамазан айында ораза тұтқан адамның аузынан шыққан иіс, Алла Тағала үшін мисктің исінен де артық», деген хадис баршамызға мәлім. Алайда, Рамазан айында, мұсылмандар жұмыс немесе басқадай қарым-қатынас барысында, ауыздан шыққан жағымсыз иіспен өзге адамдарға ыңғайсыздық тудырулары әбден мүмкін. Бұндай жағдайларда ауыз қуысын тіс пастасы немесе басқа да гигиеналық құралдармен тазалау қажеттілігі туындайды. Шариғат ол жайлы не дейді және ораза кезінде мұндай амал рұқсат па? Төмендегі пәтуа осы сұрақтарға толыққанды жауап береді.
    Сұрақ: Ораза кезінде тісті тазалауға болады ма, егер болмаса, қасымдағы адамдарға ыңғайсыздық тудырмас үшін ауыздан шығатын жағымсыз иісті қалай кетірсе болады?
    Жауап:
    Алла Тағала жақсылығын нәсіп етсін. Сауалыңызға рахмет. Алла Тағала оразаңызды қабыл етсін.
    Жалпы, ораза кезінде тіс тазалауға қатысты.
    Алла елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сүннетіне сай, ораза кезінде тіс тазалауға рұқсат етіледі.
    Рәбиға (оған Алла разы болсын), айтқан:

    «Мен Алла елшісінің (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын), ораза ұстап жүріп, мисуәкпен тісін тазалағандығын көп рет көрдім» (Тирмизи).

    Абдурахман ибн Ганам (Алла оған разы болсын) былай деген:
    «Мен Муаз ибн Жәбәлдан (Алла оған разы болсын): ораза кезінде тісімді тазаласам болады ма?» — деп сұрағанымда, ол: «Болады» деді. Мен: «Қай уақытта болады?» дедім, ол: «Күні бойы» деп жауап берді. Мен оған: «Адамдар Алла елшісінің: «Ораза тұтқан адамның аузынан шыққан иіс Алла үшін әтірдің иісінен де артық» деген сөздерін негізге алып, күндіз тіс тазалағанды мақұл көрмейді» — дегенімде, ол маған: «Субхан Аллах! Алла елшісі (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі босын),  адамдарды тістерін тазалап жүруге шақырды, ал ластанған ауыздарымен жүру Алла елшісінің бұйрығынан емес еді! Тіс тазаламауда жақсылық жоқ, тек жамандық қана» (Табарани).
    Тісті тіс пастасымен тазалау.
    Тіс пастасын қолдану адам жұтып қойып, оразасын бұзып алмау шартымен ғана рұқсат етіледі. Біздің заманымыздың кейбір ғұламалары ораза кезінде тіс пастасын қолдануды мәкрүһ деп есептейді, себебі оны жұтып қоймау мүмкін емес.
    Ибн Аббас пен Икрима (оларға Алла разы болсын), айтқан:

    «Ауыз қуысы арқылы ішіне барғанның барлығы адамның оразасын бұзады». (Бұхари)

    Менің қарапайым пікіріме келер болсақ, ауыздан жағымсыз иіс шықпауы үшін келесі амалдарды жасау керек:
    • Тісті тіс пастасымен дереу, сәресіден кейін, ораза уақыты кірер алдында тазалау керек;

     

    • Күндіз бойы (тіс пастасын қолданбастан), тісті мисуәкпен тазалап жүру керек;

     

    • Щеткаға аз мөлшерде ғана тіс пастасын жағып, тазалау. Аузыңызды мұқият шайқауды ұмытпаңыз, байқаусызда пастаны жұтып қойып, оразаңыз бұзылып кетпесін.
    Алла елшісі (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын), айтқан:

    «Үмбетіме қиын болмағанда, мен әр намаздың алдында мисуәк қолдануды бұйырар едім» (Бұхари мен Мүслім)

    Алла жақсырақ біледі.
    Дереккөз: Azan.kz

    қатысты посттар

    Төтенше жағдай жарияланғалы онлайн негізде ажырасуға өтініш бергендердің саны 300-ден асқан

    Фариза

    БИЫЛ ПІТІР МӨЛШЕРІ 420 ТЕҢГЕ БОЛЫП БЕЛГІЛЕНДІ (ФОТО)

    Фариза

    Жаназаға қатысушылардың саны қайтыс болған адамға қаншалықты әсер етеді?

    Фариза

    Пікір қалдыру

    fourteen + 16 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.