26 C
Алматы
Суббота, 13 сентября 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар Қоғам

    ШЫМКЕНТТЕ КЕНЕГЕ ҚАРСЫ ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

    Шымкентте Конго, Қырым безгегі ауруларына қарсы залалсыздандыру шаралары жүргізілуде. Мамандар кенеге қарсы дала жұмыстарына кірісті. Жауапты іске Түркістан облыстық дезинфекциялық орталығы сүбелі үлес қосуда. Мегаполис аумағында дала жұмыстары қызып тұр. Арнайы техника далалы аймақтың шөбін Дельтапес дәрісімен шаңдауда. Ал шаһар орталығын мамандар арнайы аралап жүріп залалсыздандыру жұмыстарын жүргізеді. Қазіргі уақытта Еңбекші ауданына қарасты 467 641 шаршы мет толығымен тазаланды. Шымкенттегі көктемгі науқанға Түркістан облыстық дезинфекция орталығы білек сыбана кіріскен. Олар мегаполистегі 15 елдімекенді залалсыздандырды.Шаңдау жұмыстарынан кейін зоолог мамандар тағыда тексеру жүргізеді. Залалсыздандыру жұмыстары сәуір айының 7 сінен басталған. Айдың аяғына дейін қала аумағындағы дала толығымен тазартылады. Айтқандай бұл химикаттардың жануарларға зияны жоқ –дейді мамандар. Дегенмен залалсыздандыру жұмыстарынан кейін бір аптаға дейін тазартылған аумақтарға мал жаюға тиым салынады.

    Г. ҚАПАЛ

     

    қатысты посттар

    Жамбылда 27 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды

    Фариза

    Жамбылда 1153 дана ауыл шаруашылығы техникасы жаңартылды

    Фариза

    «Жыныстық мүшелерін қысқышпен қысқан…» Түркістан облысында өгей ана кішкентай үш қызын әбден азаптаған (фото 18+)

    Пікір қалдыру

    one × 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.