-13.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    «Менің көзімді кұртқың келді ме, жоқ сені тағы сатып алды ма?» Марғұлан Сейсенбай Мұхтар Тайжанның әрекеттерін әшкере қылды

    Белгілі кәсіпкер Марғұлан Сейсембай мен Мұхтар Тайжанның арасына жік түсті. Марғұлан Сейсембай өзінің Facebook парақшасында Мұхтар Тайжанға деген өкпесін жеткізді.

    Мұхтар Тайжанға хат.

    Қымбатты Мұхтар, қоғамымызды жақсартуға барынша тырысып, өз үлесіңді қосып жүргеніңді ескеріп, бұл постты мүлдем жариялағым келмеген.
    Барлығы екеуара шешілгенін қалап едім, бірақ, өкінішке орай, сен өз әрекеттеріңмен маған басқа таңдау қалдырмай отырсың. Вотсап желісінің топтарында менің ескі видеомды, субсидиялар көрсетілген excel кестелерді, анекдот және өзге де дүниелерді таратып жүрген мен емес дейтін шығарсың? Осы еркектік пе, айтшы? Тіпті, соғыстың өзінде моральдік ұстанымдар болады. Жарайды, сені сынайтын мен емес.
    Сенің реніштеріңді біліп, келісімге келіп, осы жағдайдың алдын алу үшін сенімен кездесуге бірнеше рет әрекет жасадым, бірақ, сен барынша қаштың. (Скриншоттар сақтаулы). Сенің алдыңдағы кінәм қандай? Сенен гөрі танымал болып кеткенім бе? Еш себебін таба алар емеспін, мен саған үнемі ерекше жақсы көзқараспен қараушы едім. Әрдайым өз таныстарыма сені мақтайтынмын.
    Неге сен тура қазір маған бас салғаныңды түсінбедім, әдеттегідей, хайп жасап, менің есебімнен өз абыройыңды көтеріп, өзіңнің «саяси бәсекелесіңнің» көзін құртқың келді ме әлде бұрынғы әдет бойынша сені тағы сатып алды ма?

    Бірінші рет сені ФБ-те байқадым. Ол кезде сен маған ел тағдырының шын жанашыры болып көрінген едің. Кездесуде сен маған бірігіп, пияз бизнесімен айналысуды ұсындың. Сені қолдауды жөн көріп, 50/50 табыспен пияз сатып алуға 95 000$ инвестиция құйдым. Пияз бизнесінде толықтай күйіп, өз ақшамды жоғалттым. Сен менен ақша алдың, бірақ, кейінірек белгілі болғандай, Шенгелді массиві фермерлері сенен өз ақыларын алмағанын айтты. Кейін сен маған олармен соттасып, сотты жеңіп шыққаныңды жазған болатынсың. Сенің сөзіңе сеніп, әрі қарай өзіңмен араласа бердім.
    Бұл менің кезекті үлкен қателігім болыпты!

    2016 жылдың сәуір айында елді жерге қатысты митингтер толқыны өтті. Халық жерді шетелдіктерге сатпауды талап етті. Сен бұл мәселеге белсенді араласып, менен көмек сұрадың. Барлық ақшаңды пияз бизнесінде жоғалтып, Америкадағы балаңның оқуы ақысын төлеуге, отбасыңды қамтуға қаражатың жоқ екенін айттың. Сонда мен саған сен жерге қатысты сұрақтармен айналысуың үшін көмек беремін дедім.

    23 сәуірде ФБ жариялаған постыңдағы тесттің бірінші – Жер митингілері кезінде мен не істедім? деген сұрағына бірден жауап берейін.
    — Жер митингілері кезінде мен халық мүддесін қорғап жүрген белсенді Жер комиссиясының жұмысына қатысып, митингте қабылдаған шешімдерді жүзеге асырсын деп, оның отбасын асырап, ұлының Америкадағы оқуының ақысын төлеп тұрдым.
    Әрі қарай. Жерге қатысты сұрақтар айтарлықтай көп болмаған соң, менен өзіңе басқа да мәселелер мен міндеттерді тапсыруды сұрадың.
    Жасыратыны жоқ, барлық мәселелермен тыңғылықты айналыстың, сенен талап етпесем де, әрбір шенеунікпен болған кездесу жайында есеп беріп отырдың. (Барлық жазысқан хаттарымыз бен әңгімелеріміз сақтаулы).
    Қаржылай көмектен бөлек, сен маған жерге қатысты, одан әрі өзге де сұрақтар бойынша жүгініп отырдың. Мен, тіпті, 2019 жылдың басына дейін сенен қолымнан келер сарапшылық көмегімді аямадым.

    Ал енді жауап берші маған, 2 жылға жуық уақыт бойы сенің отбасыңды асырап, ұлыңның оқуын төлеп келген мен емес пе?
    Сен менен мына сомаларды алмадым деп айта аласың ба:

    24.06.2016 Мұхатардың жұбайы — Айгүлге 43 500 АҚШ доллары табысталды.
    Табыстау орны — Маркова Попова.

    11.07.2016 Мұхатардың жұбайы — Айгүлге 43 600 АҚШ доллары табысталды.
    Табыстау орны — Маркова Попова.

    24.02.2017 Мұхтар Тайжанның өз қолына 50 000 АҚШ дол. табысталды.

    29.05.2017 Мұхтар Тайжанның өз қолына 50 000 АҚШ дол. табысталды.

    27.07.2017 Мұхтар Тайжанның өз қолына 50 000 АҚШ дол. табысталды.

    Саған екі жылда 237 100 АҚШ долларын берген адаммен тайталасасың ба?
    Вотсаптағы екеуміздің арамыздағы хаттардың скриншоттарын жоққа шығарасың ба?
    Барлығын неге сұрақ формасында қойып отырмын?
    Сен маған жала жапқаның үшін сотқа беру арқылы биліктегілер сені қасақана пайдаланып, оны маған ілік етуі мүмкіндігін түсінбейді деп ойлайсың ба? Сенікі мүлдем дұрыс болмай тұрып, маған қыр көрсету үшін саған кім дем беріп отыр? Менде бары тек вотсаптағы жазысқан хаттарымыз, сен жіберген аудиолар, саған және жұбайыңа ақшаны жеткізіп берген кісілер. Ал біздің гуманистік сот бұл айғақтарды мойындамауы мүмкін. Туған анаң мен туған бауырыңмен, одан қала берсе, пияз еккен байғұс фермерлермен соттасқаныңды ескерсек, сенен бәрін күтуге болады. Елім үшін жақсы іс жасап, ең болмаса, менің көмегіме риза болар деп, жақсы адамға көмек көрсетіп жүрмін десем, керісінше, алғысының орнына сотқа тартылу қаупіне қалып отырмын.

    Рақмет саған, Мұхтар, бұл маған 332 100 (237 100 + 95 000) АҚШ долларын жұмсап, қайтарымына, алғыстың орнына өзіңе жау мен көре алмаушыны қалай тауып алуға болатынын түсіну үшін өте қымбат сабақ болды.
    Расында, мен адам танымайды екем, қателіктер жіберудемін!
    Сол кезде-ақ өзіме – «Саясатпен» ұзақ жылдар бойы айналысып жүрген адам не тұрақты жұмысы, не бизнесі болмаса, қалай күн көріп жүр?» деген сұрақ қоюым керек еді.

    Қорыта келе, тестіңнің екінші – Жаңаөзен оқиғалары кезінде мен немен айналыстым? деген сұрағыңа жауап бергім келеді.
    Біріншіден, мен өзімді ешқашан саясаткер атамадым. Мен инвестор, қоғам қайраткері және саяхаттаушымын және мен билікке ұмтылмаймын. 2011 жылы, Жаңаөзендегі оқиғалар кезінде, мен Алматыда болдым, сотқа күнделікті жұмысыма барғандай баратынмын және бір уақытта қазақстандық және халықаралық соттарда өзімді қорғаумен жүрдім және менде ешқайда кетпеу туралы тілхат болатын. Сондықтан, мен ол жерде заңды түрде де, дәрежеме қарай да бола алмайтын едім. Және де, мен барлық халықаралық соттарда өз кінәсіздігімді дәлелдеп шықтым, ал Қазақстанда істің тапсырыспен қозғалғандығына және тергеу тобының ауқымды жұмысына қарамастан, мені тек 2 жылға шартты түрде жауапқа тартты. Бұл ненің көрсеткіші?

    Қымбатты Мұхтар, мен сенің барлық сұрақтарыңа жауап беріп, тестіңді өттім деп ойлаймын. Енді сен менің тестімді тапсырып көр.
    1. Өз отбасыңды немен асырап отырғаныңды айт? Тек бизнесмен болдым деген ертегілеріңнің қажеті жоқ.
    2. Саясатпен айналыса отырып нені тәуекел еттің? Бәске не қойдың? Мен, тіпті, сенің қызметің үшін ұсталғаның туралы естімеппін.
    3. Бұл елде сен не құрдың немесе не жасадың?

    Расымен, халық саясаткері болғың келсе, ең әуелі, өз еңбегіңмен тапқан ақшаға өмір сүріп, соған қанағат етуді үйрен.
    Саясат – бұл Астанадағы кабинеттерді кезу емес. Шынайы саясат – бұл, ең алдымен, жауапкершілік, арамзалық пен бәле іздеушілік емес.

    https://www.facebook.com/1667112463/posts/10221404843345002/?

    қатысты посттар

    «Мен алдандым…» — Ринат Заитов (видео)

    Аблязов Айсұлтан Назарбаевтың атынан пост жазғанын мойындады

    Фариза

    Асқар Мамин коронавирус пандемиясының жаңа толқыны туралы айтты

    Фариза

    Пікір қалдыру

    five × one =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.