-0.1 C
Алматы
Четверг, 26 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    ҚАУЛЫҒА ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ

    Шымкент қалалық Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі №9 қаулысына өзгерістер енгізілді. Қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов осы өзгерістерді тәп-тіштеп түсіндіріп берді.

    Максут Исахов, заместитель акима г. Шымкента

    Аталған қаулы бойынша ауылшаруашылығына қатысты және тағы да екі санатқа қосымша өзгерістер енгізілген. Құжаттағы өзгеріс бойынша карантин кезінде мұқтаж және зардап шеккендерге, қарт адамдарға волентерлік көмек көрсететін қайырымдылық қорлардың қозғалысына рұқсат берілген. Тек әділет ұйымдарына тіркелген жағдайда ғана. Сонымен қатар қала тұрғындарының өмір сүру тіршілігіне аса қажетті болғандықтан, «Қазтелерадио» Акционерлік Қоғамы компаниясының қызметкерлеріне де рұқсат берілген. Қаулыда енгізілген тағы бір өзгерістің бірі, ауылшарушылығына қатысты.

    Яғни көктемгі дала жұмыстарын, табиғатты қорғау, ветеринариялық пен ауыл шаруашылығы, сондай-ақ, ара шаруашылығы іс-шараларын жүргізіп отырған шаруаларға да жеңілдік қарастырылды. Қала әкімінің орынбасары осы салада жұмыс істейтінін растайтын мемлекеттік тіркеу куәлігі мен жеке куәлікті, сондай-ақ, жұмыскерлер үшін жұмыс орнынан анықтамасын ұсынған кезде ғана олардың көліктері блок-бекеттерден кедергісіз өткізілетінін атады. Бұл ретте көлік қозғалысы толық бақылауда болады. Мақсұт Исахов, аталған қаулы 2020 жылғы 22 сәуірден бастап күшіне енгенін атады. Еске сала кетсек, Шымкент қаласының барлық аумағында 2020 жылдың 19 сәуірі сағат түнгі 12:00-ден бастап мамыр айының 1-жұлдызына дейін бірқатар шектеулер енгізілген болатын. Оған сәйкес, айырбастау пункттерінің, микрофинанстық ұйымдардың қызметін онлайн жұмыс режиміне және «клиенттерге дейін жеткізу» принципі бойынша көшіру арқылы уақытша шектелді. Сонымен бірге, қалада қоғамдық көліктер жұмысы уақытша тоқтатылған.

    Дайындаған: Г. Қапал

    қатысты посттар

    Түркістан облысының әкімі Өмірақ Шөкеев төтенше жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

    Фариза

    Жамбылда түлектердің демеушілігімен 2,8 млрд. теңгенің жобалары жүзеге асуда

    Фариза

    ШЫМКЕНТ: ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ 9 АЙДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР ЖӨНІНДЕ ЕСЕП БЕРДІ

    Фариза

    Пікір қалдыру

    3 − 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.