9 C
Алматы
Воскресенье, 17 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    ШЫМКЕНТТЕ 7 ОШАҚТАН КАРАНТИН АЛЫНДЫ

    Шымкентте 7 ошақтан карантин алынды. Бұл туралы Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады. Сала мамандарының айтуынша, қала аумағында 1174 азамат мониторингтік бақылауға алынған. Оның ішінде: стационарда – 826, үй карантинінде – 348. Індетке байланысты мегаполисте 71 ошақ тіркеліп, бүгінде оның 7-інен карантин алынған. Оқшауланған нүктелерге үш жүзге жуық полиция қызметкері мен 559 Ұлттық ұлан сарбазы жұмылдырылған. Айта кетейік, тұрғындардың өмірі мен қауіпсіздігін, денсаулығын сақтау үшін 4 сәуірден Шымкентке карантин енгізілді. Жергілікті билік пен медицина мамандары және полицейлер мен әскерилер күшейтілген режимде жұмыс істеуге көшті.18 блок-бекет орнатылып, жеке көліктер мен азаматтардың қозғалысына шектеу қойылды.

    Маскалық режим енгізіліп, бірқатар мекемелер мен ұйымдардың қызметі тоқтатылды. Азық-түлік пен дәрі-дәрмек сататын объектілерден өзге орындардың жұмысы уақытша шектелді. Білім мекемелері қашықтықтан оқытуға көшіп, банктер онлайн режимде қызмет көрсетуге кірісті. Қоғамдық көліктердің қызметі тоқтатылып, қала аумағын дезинфекциялау жұмыстары күшейтілді Бір сөзбен айтқанда тұрғындардың қауіпсіздігі үшін ауқымды жұмыстар қолға алынды. 2020 жылғы 24 сәуірдегі жағдай бойынша Шымкентте індет жұқтырған 139 жағдай тіркелді. 18 науқас ауруынан айығып үйіне шығарылды. Өкінішіке орай, 4 азамат көз жұмды. Қайтыс болғандардың үшеуі Түркістан облысының, біреуі Шымкент қаласының тұрғыны.

    Дайындаған: Г. Қапал

     

    қатысты посттар

    Шымкентте жеке инвесторлар есебінен 126 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде

    Фариза

    Қызылордада соңғы 10 күнде 60 той өткізу фактісі анықталды

    Фариза

    Елтай тұрғын алабындағы көпір құрылысы қазан айында аяқталады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    5 − 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.