-5.1 C
Алматы
Четверг, 14 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Денсаулық Коронавирус

    2 миллион алуы керек коронавирусқа шалдыққан дәрігерлер дәріге ақша таппай жүр

    Бүгінгі таңда бүкіл әлемге тараған індет коронавирус науқастырдың өмірі үшін күресіп жүрген ақ халатты жандарды да сарсаңға салуда. Елімізде қарапайым тұрғындардан бөлек дәрігерлер де жаппай бұл кеселдің зардабын тартуда. Президенттің тапсырмасы бойынша биліктегілер дәрігерлерге осы індетпен күресу үшін барлық жағдайды жасайтындығын айтып уәде берген еді, сондай-ақ оларға ақшалай да сыйақы тағайындайтығын айтқан. Осыдан кейін мәселенің бәрі оң шешімін табады деп күткен болатынбыз. Дегенмен, шешілген түйінді көрмедік. Керісінше, індетке шалдыққан дәрігерлердің саны күннен-күнге артып, олардың арасындағы шу мен неше түрлі сұмдықтар басылар емес. Соның бір ұшын бүгін белгілі блогер, әрі дәрігер Әсел Баяндырова өзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады.

    Ол 2 күннен бері дәрігерлердің коронавирусқа шалдыққан әріптестері үшін ауруға қарсы дәрілерге қаржылай көмек көрсетіп жатқандығын хабарлаған.

    Сондай-ақ дәріханаларда коронавирусқа қарсы қолданатын дәрілердің де қалмағандығын айтуда. Мұндай масқараны айтуға дәрігерлер қудаланудан қорқып ауыз ашпай отырған көрінеді.

    Міне мемлекет кеселге шалдыққан халықты емдеу түгілі оларды емдеу керек дәрігерлердің өзіне дұрыс жағдай жасай алмай отыр.

    Президенттің тапсырмасы бойынша дәрігердің өзі коронавирусқа шалдыққан жағдайда 2 миллион теңге көлемінде, ал қайтыс болған жағдайда 10 миллион теңге көлемінде өтемақы берілетіндігін, сондай-ақ, індетпен күресіп жатқан барлық дерлік дәрігерлердің айлықтарын көтеру туралы шешім қабылдаған болатын.

    Ал мына жағдай, бұл аталған қаржылардың бірде-біреуі дәрігерлердің қолына тимегеннің көрінісін көрсетеді. Елімізде коронавирус таралып, карантин енгізілгеніне 1 айдан асып кетті, бірақ, дәрігерлердің арасында шу әлі күнге басылар емес, тіпті ауруға шалдыққандар емі үшін дәріге ақша таппай қор болуда. 2 миллион айлық алған адам, әсте, дәріге ақша іздеп сенделе ме?

    қатысты посттар

    «2 млн теңге ешкім алған жоқ»: еGov вирус жұқтырған дәрігерлерге төлем жасау жүйесін әлі реттемеген

    Фариза

    Қалалық Санитарлық дезинфекция ұсталып қалды. Бұл жай ғана әдемі кадрға ғана түсірілген көзбояушылық

    Фариза

    Ақтөбе қаласы карантинге жабыла ма?

    Фариза

    Пікір қалдыру

    17 + twenty =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.