-5.1 C
Алматы
Четверг, 14 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    «Қазақстан түймедейді түйедей етті» Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяо жуырда жария болған «Қазақстан неліктен Қытайға оралуды аңсайды» атты атышулы мақалаға пікір білдірді

    Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяо жуырда жария болған «Қазақстан неліктен Қытайға оралуды аңсайды» атты атышулы мақалаға қатысты пікір білдірді.
    .
    «Мынаған басымдық бергім келеді. Жуырда Қытайдың тәуелсіз контентінде жария болған мақала ешбір ресми орындардың көзқарасын танытпайды. Алайда, бұл жағдай қазіргі таңда ғаламтордың жалған, лас, әрі әрқилы өсек-аяң ақпараттарға толып кеткенін айшықтап берді. Сондай-ақ, екі елдің қарым-қатынасына кері ықпалын тигізетін мұндай дүниелерді жоюда қос тарап та белсенді шаралар қабылдау қажеттігін ұқтырды. Мен сонымен қатар, ҚР СІМ-нің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев мырзамен кездесу барысында, Қазақстан-Қытай достастығының ғасырдан-ғасырға жалғастығының кепілі ретінде бізге тарих оқулықтарының мазмұнына ерекше мән беру керектігін, сөйтіп жас ұрпақты тарихтың шынайы көзқарасы негізінде тәрбиелеудің аса маңызды екенін айттым»
    .
    Бұл үзінді Қытайдың «Глобал Таймс» газеті мен порталының Қытай елшісімен жүргізген эксклюзивті сұхбатынан алынып, аударылды.
    .
    Бұдан бөлек, Қытайдың әлеуметтік желілерінде Қазақстанның аталған мақалаға орай, Қытайға наразылық нотасын жолдау әрекетін сынға алды.
    .
    «Қазақстан түймедейді түйедей етті. Бұл аталған елдің дипломатиясының жетілмегенін білдіреді. Жекелеген қолданушылардың пікірі тұтас бір елдің көзқарасын танытпайды. Интернет — ашық платформа. Сол себепті әркімнің аузына қақпақ болу мүмкін емес. Шет елдерде Қытайды қаралаған мақалалар ресми сайттардың бас беттерінде толып тұр. Қазақстанда да аз емес. Сол сияқты Қазақстанға қара күйе жаққан мақалалар Батыста да бар. Шағымшыл болса оларға неге қарсылық білдірмейді?» дейді наразылық нотасына наразылық танытқан бір порталында. Қытайдың бұл жазбасы 510 мыңнан аса қаралып, көптеген пікірлер жазылған.
    .
    Өткен аптада Қытайдык sohu.com сайтында жария болған «Қазақстан неліктен Қытайға оралуды аңсайды» мақаласы сайттан алынды.
    .
    Соңғы уақытта Қытай елшісін шақырып наразылықтарын білдіріп жатқандар елдер бар. Мысалы, жуырда қараларды ренжітті деп африкалықтар да шағым түсірген.
    .
    Рухымызға қолсұғушылық болып жатқанда ешкімнің де бей-жай қарап отыра алмасы анық. Ұлтаралық араздық тудыратын бұл мақаланы кім жазса да, ол сол үшін тиісті жазасын алуы тиіс. Қытай билігі сөзінің дәлелі ретінде бұл жауапкершілікті өз мойнына алуы керек. Ал Қазақстанның бұған қатысты Қытай билігіне наразылық нотасын жолдағаны дұрыс, әрі дәл уақытында болды. Бұл жолы үнсіз отырсақ, келешекте тағы біреулердің құйтырқы әрекет танытпасына кім кепіл?!
    Ертай Нүсіпжанның Facebook парақшасынан

    қатысты посттар

    «Ондай тапсырма берген жоқ» — Берік Уәли Президенттің мерекедегі демалысқа қатысты мәлімдемесіне пікір білдірді

    Алматы мен Шымкентте белсенділер Дулат Ағаділдің өліміне байланысты түсініктеме сұрап ұсталғандарды босатуды талап етті

    Фариза

    Мұхтар Жәкішевтің қызы: «Әкемнің не үшін шығып жатқанын нақты айту қиын»

    Пікір қалдыру

    five × five =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.