Пятница, 6 февраля 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясатҚоғам

    «Сіздің жалақыңыздан 1% ұсталады»: Вirgemiz қоры смс-хабарламаға түсініктеме берді

    Қазақстандықтарға Birgemiz қорының олардың жалақысынан 1% ұстап қалатыны туралы смс-хабарлама келген. Осыған байланысты қор түсініктеме берді, деп хабарлайды Qazweek.kz  Stan.kz порталына сілтеме жасап.

    Журналист Джамиля Маричева қордың пайдасына еңбекақыдан ақша ұстап қалу туралы смс-хабарламаны әлеуметтік желіде жариялады.

    «Сіздің жалақыңыздан #bizbirgemiz компаниясы аясында 1% ұсталады», — делінген хабарламада. Бұл ретте белгісіз сайтқа сілтеме көрсетілген.

    Birgemiz қорында мемлекеттік қызметкерлердің еңбекақысынан ұйым пайдасына ұстап тұратыны туралы қауесетті жоққа шығарды.
    «Мұндай смс-хабарламаларды біз таратпадық», — делінген қордың ресми мәлімдемесінде.

    Birgemiz қорының төрағасы Руслан Сакеевтің айтуынша, бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің жалақы қорындағы қаражат қабылданбайды және болашақта да солай болады. Оның айтуынша, бұл қор қызметінің қағидаларына қайшы келеді, өйткені қайрымдылық қаражат тек ерікті негізде қабылданады.

    қатысты посттар

    БҚО-да 19 жастағы қыз жаңа туған сәбиін әжетханаға тастаған

    Фариза

    Қазақстанда қант бағасын алып-сатарлар қымбаттатқан

    Фариза

    Белгілі тележүргізушіні бір топ әйелдің не үшін соққыға жыққаны белгілі болды (видео)

    Пікір қалдыру

    three × two =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.