-11.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Денсаулық Қоғам

    «Бәрі жақсы болып көрінгені — иллюзия». Маман жасы 60-тан асқан қарияларға үндеу жасады

    Қостанай облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Орал Бекмағамбетов аймақтық ОКҚ онлайн-брифингінде 60-тан асқан адамдарға үндеу жасады, — деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

    «Құрметті, 60 жастан асқан азаматтар, тәуекелге барудың қажеті жоқ. Әрбір жетінші, сегізінші, тоғызыншы, өкінішке қарай он үшінші тәулікте адамдар ЖӨӨ-ге түсіп қалады. Мұның қандай сұмдық екенін білесіздер. «Бәрі жақсы болып көрінгені — иллюзия», — деді департамент басшысы.

    Сонымен қатар, ол қостанайлықтардан далаға шықпай, карантин ренжимін сақтауды сұрады.

    «Шыншыл әрі ашық болайық. Міне, біздің қаламыз. Әлеуметтік желілерден басқа қалаларды көріп отырсыздар. Барлық қалада бәрі тоқтап қалды. Балалар далаға шыққысы келеді. Қариялар да таза ауаға шығып отыруды қалайды. Ірі өнеркәсіп гиганттары тоқтады. Құрметті, қостанайлықтар, 2 апта шыдайық. Жітіқараның өзін алып қарайықшы. Бірден кем дегенде 10, 25 адаммен байланыс жасап, жұқтыра алады… Вирус бар. Балалар көшеде ойнап жүргенін көргенде жүрегіміз ауырады. Сәл шыдайық. Сонда екі аптадан кейін жағдай жақсаратынына үміттенеміз», — деп қайталады Бекмағамбетов.

    Еске салайық, Қостанай облысы 17 сәуір сағат 00.00-ден 1 мамыр сағат 07.00-ге дейін карантинге жабылады.

    Облыстың бас санитар дәрігері Владимир Нечитайлоның қаулысында карантин кезінде тұрғындардың басқа елді мекендерге бара алмайтыны, сондай-ақ, таксимен қатынауға тыйым салынатыны айтылады. 500 метр қашықта орналасқан дүкендерге ғана баруға болатыны айтылған.

    Қазір Қостанай облысында 5 адам коронавирус жұқтырған. Елімізде COVID-19 жұқтырғандар саны 1341 адамға жетті. 240 науқас сауықты, 16 адам қайтыс болды.

    қатысты посттар

    Сауд Арабиясы коронавирус көп тіркелген елдер тізіміне Қазақстанды да қосып жіберген

    Фариза

    VII ғасыр бұрын коронавирус хадисте «ақ өлім» деп көрсетілген

    Фариза

    «Жұрттың баласы» — қазақтың басты жауына айналған құлдық сана

    Фариза

    Пікір қалдыру

    1 × 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.