-13.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Қазақ даласында өрістегі мал қырылып жатыр

    Жайылымға барып, арам қатты. Ақтөбелік шаруалар өріске кеткен малы қырылып жатқанын айтып, алаңдап отыр. Жағдай көктем шыға ушыға түскен. Малдың неден өлгеніне сараптама жасап, нәтижесін білгенде, төбе шашымыз тік тұрды дейді. Бұл не індет пе?

    Бұл туралы Qazweek.kz  Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

    «Біз Маржанбұлақ ауылында тұрмыз. Өздеріңіз көріп тұрғандай- айнала толы тау болып үйілген қоқыс. Тіпті, мына қатты желдің екпінімен жан-жаққа ұшып жатыр. Ауылдықтарды мазалайтыны да осы мәселе».

    Жағдайды білу үшін осы маңдағы шаруа қожалығының қожайыны Руслан Шүйіншалинді әңгімеге тартқымыз келіп тұр.

    Руслан Шүйіншалин, шаруа қожалығының қожайыны:

    Қазір малымыз қыстан шығып жатыр. Айнала толы целлофан. Ол желмен бүкіл жерге ұшып жатыр. Бұзауларымыз, сиырларымыз соны жеп, осы соңғы бір айдың ішінде 3 бұзауым арам өлді. Вскыртие жасағанда целлофан шықты ішінен.

    Малдың аузы көкке тиіп, енді оңалады деген кезде бұзаулары бірінен соң бірі арам өлгесін Руслан сақтыққа көшіпті. Сауын сиырдың бұзауын жайылымға шығармай қойған. Қора-қопсының маңынан ұзатпайды. Жем-шөбін беріп, қолда ұстауға мәжбүр. Бақсақ, Маржанбұлақта ірі-қарасына алаңдап отырған шаруа жалғыз Руслан Шүйіншалин емес екен.

    – Мына жерде менің қожалығым. Ал ана жерде бірнеше «точка» бар. Мал барлық жерде жайылып жүр. Әр сиыр, әр бұзауға бір бақташыдан қоя алмайсың ғой, қараңызшы өзіңіз?!

    Қыр басынан қарасаң Маржанбұлақ тура алып қоқыс жәшігінің ортасында тұрғандай. Тау болып үйілген, айналасында қоршау да жоқ. Полигон деуге келмейді. Тұрмыстық қалдық та, көне жиһаз, киім-кешек бәрі шашылып жатыр. Аттап бассаң, аяққа целлофан пакеттер оратылады. Ал таяқ тастам жерде ірі қара жайылып жүр. Тұрғындар бас-аяғы 2000 бас ірі қараны ауылдың маңындағы осы өріске жаямыз деп отыр. Бірақ, бұзаулар қырыла бастағаннан кейін енді не болады деп алаңдап қалғандарын айтты.

    Жомарт Шабаров, Маржанбұлақ ауылдық округінің әкімі:

    «Жайылымда мал өліп жатқанда…бұл ұшып жатқан целлофанды, жинап, ретке келтіреміз. Бір аптада қалпына келтіреміз. Аудан әкімдігімен де сөйлестім. Ол кісілер де техника бөлеміз деді. Екі техника келіп осы жерде жұмыс жасап, барлығын қалпына келтіреміз».

    Барлығын қалпына келтіреміз деген ауыл әкімі 7 га аумақты тазартуға 4-5 адамды ертіп келген екен. Бірақ, ол жұмысшылардың қолымен өнетін жұмыс емес еді. Шенеунік аумақ – бұрын колхоз кезінен қалған полигонның орны екенін айтты. Қазір бұл маңға қоқыс төгуге тиым салынған. Бірақ, сол тиымға құлақ аспайтындар да бар екен. Арасында қоқысын қаладан алып келіп, төгетін тәртіпсіздер де болған. Оларды ұстап, айыппұл салыпты. Қазір аудан әкімдігі ауыл маңынан арнайы полигон салу үшін 6 га жер бөлген.

    Қазір құжаттарын ресімдеп жатыр. Ол дайын болғанша ауылдықтар қоқысын қайда шығарады, ол жағы әлі белгісіз.

    қатысты посттар

    Рудныйда жетімдер үйінде кәмелетке толмаған қызды зорлап кетті

    Фариза

    42 500 теңгені заңсыз алғандар жәрдемақыны Үкіметке қалай қайтара алады?

    Фариза

    Павлодар тұрғыны атаулы әлеуметтік көмек аламын деп мемлекетке қарыз болды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    eleven + 20 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.