-5.1 C
Алматы
Воскресенье, 24 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Денсаулық

    Микробқа қарсы препараттарды тиімді қолдану денсаулық сақтаудағы маңызды мәселе

    Раушан Қарабаева: «Антибиотикке төзімділік – қазіргі заманғы денсаулық сақтаудағы өте маңызды проблема, оның негізгі себептерінің бірі микробқа қарсы препараттарды тиімсіз, дұрыс қолданбау болып табылады».

    Медицина ғылымдарының докторы, ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасы директорының емдеу-диагностикалық жұмысы жөніндегі орынбасары Раушан Қарабаева бұл туралы Мәскеу қаласы Н.И. Пирогов атындағы Ұлттық медициналық-хирургиялық орталық базасында өткен «Стационардағы антибиотикке төзімділікті бақылау стратегиясы: проблемалары мен болашағы» атты ғылыми-практикалық конференция барысында мәлімдеді.

    Бүкіл әлемде қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты, конференция онлайн — режимде өтті. Президенттік клиниканың докторлары конференция жұмысына белсенді қатысты. Раушан Қарабаева «Көп бейінді стационарда микробқа қарсы препараттарды тиімді пайдалану бағдарламасын енгізу» тақырыбында баяндама жасады.

    Доктор Карабаева: «Бүгінгі таңда, барлық елдердің дәрігерлері бактериялар мен саңырауқұлақтардың антибиотиктерге төзімділігінің өсуі немесе сезімталдығының жоғалуы мәселесіне тап болады. Егер проблеманы назардан тыс қалдырса, антибиотикке төзімділікті тежеу бойынша кең ауқымды шара жасалмаса, онда бұл маңызды проблемаларға әкелуі мүмкін. Біз, тіпті, микробқа қарсы дәрілік препараттардың тиімсіздігінің салдарынан пациенттерді емдей алмайтынжағдайға тап болуымыз мүмкін».

    Медициналық орталық ауруханасында 5 жыл бойымикробқа қарсы құралдарды тиімді қолдану бойынша бағдарлама жұмыс істейді, ол жыл сайын өзектендіріледі. Жаңа элементтер мен индикаторлар қосылады, оларды үнемі бақылап, бағалап отырады.

    «Бүгінгі таңда біз осы бағдарламаны жүзеге асыруда белгілі бір табыстарға қол жеткіздік деп айта аламыз, біздің Аурухана дәрігерлері антибиотиктерді дұрыс пайдалануда оң динамикаға ие болды. Бұл тұрғыда бізге JCI халықаралық стандарттарын енгізу де көмектесті. Антибиотикке төзімділікке қарсы күрес бойынша біздің жергілікті тәжірибеміздің нәтижесіне, конференцияда баяндамамыз қызуталқылау тудырды. Әр аймақтан келген әріптестеріміз біздің баяндамамызды қызығушылықпен тыңдап, талқылау барысында көптеген сұрақтар қойды. Қазіргі таңда осы проблеманы шешуде жеткілікті тәжірибеміз бар және оны табысты түрде көрсете аламыз. Жалпы, конференция өте пайдалы және жемісті болды, тек онлайн өткендігіне қарамастан, түрлі аймақтар мен ауруханалардың мамандары антибиотиктерді тиімді қолдану бойынша өзекті мәселелерді, шешу жолдары мен жаңа әдістемелерді, емдеу сызбаларын талқылады» деді Раушан Карабаева.

    Сонымен қатар, ресейлік және итальяндық дәрігерлер COVІD-19 науқастарын емдеуде өзтәжірибесін ұсынды, емдеу мен алдын алудыңәртүрлі хаттамаларының артықшылықтары мен кемшіліктерін көрсетті.

    Биыл конференция бесінші рет өткізіліп отыр. Н.И. Пирогов атындағы Ресей Ұлттық медициналық-хирургиялық орталығының алаңы дәстүрлі түрдемыңдаған қатысушыларды жинады: бактериологтар, эпидемиологтар, клиникалық фармакологтар, анестезиолог-реаниматологтар, хирургтар, денсаулық сақтаудыұйымдастырушылар, стационарлар мен емханалардың операциялық блоктардың мейірбикелері.

    қатысты посттар

    Нехватка этих продуктов вызывает головную боль

    Қылмыс әлемінің ханшаймы туралы не білеміз?

    Денис

    «Үкімет күшіне сенбей ме, әлде еріне ме?» — Бекболат Тілеухан министр Біртановқа қарсы шықты

    Пікір қалдыру

    fourteen + four =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.