-10.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    Дариға Назарбаева Лондон сотында жеңіп шықты

    Лондонның Жоғарғы соты 8 сәуірде «шығу төркіні белгісіз байлыққа алынған үш жылжымайтын мүлікті» бұғаттау ордерінің күшін жойды. Бұл үш қымбат үйдің бірінде Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Нұрәли Әлиев тұрып жатқан, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі azattyq.org порталына сілтеме жасап.

    Ұлыбританияның қылмыспен күрес жөніндегі агенттігі Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Нұрәлі Әлиевке тиесілі болуы мүмкін деген күдікпен Лондондағы зәулім үйді бұғаттаған еді. Құны 80 миллион фунт стерлинг (104 млн доллар) болатын жылжымайтын мүлік Нұрәли Әлиев пен оның шешесі Дариға Назарбаеваға қатысы бар офшор компанияларының иелігінде.

    Ұлыбритания құқық қорғау органдары олардан үйді қандай ақшаға алғанын түсіндіруді талап еткен еді.

    Лондон жоғарғы соты үш ордердің де күшін жойған. Судья Джастис Лангтің сотта келтірілген дәлелдерге көңілі толмаған.

    Ұлыбританияның қылмыспен күрес жөніндегі агенттігі Лондондағы екі зәулім үй мен пәтер Дариға Назарбаеваның бұрынғы күйеуі, Нұрәлінің әкесі марқұм Рахат Әлиевтің заңсыз ақшасына сатып алынғанын дәлелдеуге тырысқан. Офшор компаниясын Рахат Әлиев ашты және мүлік сол компанияға тиесілі деген деректің растығына судья Лангтің көзі жетпеген.

    Сот шешімінде мүліктің «экономика жағынан тәуелсіз» Дариға Назарбаеваға тиесілі болуы мүмкін екені айтылған.

    Reuters агенттігі Дариға Назарбаева мен Нұрәлі Әлиев өкілдерінің сөзінен үзінді келтірген. Сотта Назарбаеваның мүддесін қорғаған өкіл «Назарбаева толық ақталды» және «өз атына кір келтірмес үшін оның қатаң процедуралармен күресуіне тура келді» деп айтқан.

    қатысты посттар

    Экс-әкім Болат Бақауовқа байланысты сот үкімін өзгертті. Ол үй қамауына алынды

    Фариза

    «Құтқарыңдар!» деп айқайлаған аянышты дауыстарды біз 24 сағат естіп тұрамыз» Сайрагүл Сауытбай Қытайдың қайта тәрбиелеу лагеріндегі жантүршігерлік жағдайлар туралы айтып берді

    Фариза

    Шымкент қаласында жаңажылдық безендіруге бюджеттен 35 млн теңге жұмсалмақ

    Фариза

    Пікір қалдыру

    1 + 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.