-13.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Коронавирус

    Аллергиктердің коронавирусты жұқтыру қаупі жоғары ма?

    Бұл сұраққа Президенттік клиниканың Аллергология орталығының басшысы Галия Тусупбекова жауап береді:

    «Аллергиясы, оның ішінде шаңға да аллергиясы бар пациенттер коронавирустың таралуына байланысты жоғары қауіпті аймаққа түседі. Алдын алу ретінде барлық эпидемияға қарсы талаптарды сақтау керек және базистік емді ұмытпау керек», — деп атап өтті дәрігер.

    Галия Марксовна, Қазақстанда аллергиктер үшін қауіпті кезеңнің – оңтүстікте бәрі гүлдей бастады, солтүстік өңірлерде шаң сәуір айының соңында басталатындығын атап өтті.

    Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 11 наурызда жаңа коронавирустық инфекция COVID -19 пандемия өршуін жариялады. Аллергологтар үшін коронавирусты жұқтыру қаупі жоғары ма деген сұраққа жауап бере отырып, ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының Аллергология орталығының басшысы төмендегілерді атап көрсетеді:

    «Аллергиясы бар пациенттер тәуекел тобына жатпайды. Дегенмен, созылмалы аллергиялық қабынған шырышты қабығы, тыныс алу жолдарының қабықтары, пациентті вирусқа төтеп беруге әлсіз ете түседі. Ауру ауыр өтуімүмкін, себебі ағза күресті бірден бастамайды, ал иммундық жүйе күресті неғұрлым кеш бастаса, соғұрлым ауыр болуы мүмкін. Тұйық шеңбер — инфекция аллергия ағымын нашарлатады, аллергия инфекция ағымын нашарлатады», — деп атап өтті Галия Тусупбекова.

    Ғалия Марксовна аллергиктердің шаңды аллергияның алдын алу бойынша ерекше талаптар бар екенін атап өтті. Гүлдену кезеңінде шаңмен байланысты азайту үшін, үйде отырып, аз серуендеу керек. Бұл талаптар коронавирус профилактикасымен сәйкес келеді.

    Аллергия және вирус симптомдарын саралау үшін дәрігер-аллергологтың білікті кеңесі қажет.

    Аллергиктерге арналған вирусты инфекциялардың алдын алу шаралары жалпыға ұқсас. Бірақ, тағы бір маңызды нәрсе — аллергиясы бар пациент әсіресе қазір, көктемгі гүлдену кезеңінде өзіне тағайындалған терапияны алуы керек.Егер коронавирусты жұқтырған болса, онда оған вирусты аурудың белгілері мен симптомдарын ескеретін кешенді көмек көрсетіледі», — деп атап өтті Галия Тусупбеков.

     Анықтама үшін: Галия Марксовна Тусупбекова – ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының Аллергология орталығының басшысы, Нұр-Сұлтан қаласы Аллергологтар және клиникалық иммунологтар қауымдастығының директоры.

    Еуропалық аллергологтар және клиникалық иммунологтар академиясының мүшесі.

    Еуропалық респираторлық қоғамның мүшесі.

    PhD докторы. Жоғары санатты аллерголог-иммунолог.

    қатысты посттар

    Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 56 адамға жетті

    Фариза

    Қалалық Санитарлық дезинфекция ұсталып қалды. Бұл жай ғана әдемі кадрға ғана түсірілген көзбояушылық

    Фариза

    Ақтөбе қаласы карантинге жабыла ма?

    Фариза

    Пікір қалдыру

    5 × 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.