-13.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат Қоғам

    Халық зорға қол жеткізген 42 500 теңгені тартып алуда: Банктердің пайдасы елдің қиыншылығынан да, Тоқаевтың бұйрығынан да маңызды

    42 500 теңгеге байланысты шу елімізде әлі де басылар емес. Бірі оған қалай өтініш беру керектігін әлі білмей халыққа қызмет көрсету орталықтарының есігін тоздырса, енді бірі әрең дегенде қол жеткізген  42 500 теңгесінен алған бойда айрылып қалуда. Оған себеп, қарапайым халықтың банктердегі несиелеріне байланысты ұстап қалуда. Төтенше жағдайдың салдыранан жұмысынан айырылған халық енді күнелтуге арналған 42 500 теңгенің өзіне де жете алмай зар болуда.

    Бүгін дәл осындай жағдай Halyk bank-пен болған. Досының әлеуметтік көмек ретінде 42 500 теңге алғанымен Halyk bank оны өзіне шешіп алғанын баяндаған болатын әлеуметтік желі қолданушысы.

    Бұған дейін Президентіміз, Қасым-Жомарт Тоқаев, елдегі төтенше жағдайға байланысты 3 миллионға жуық табысынан айырылған Қазақстан азаматтарын 42 500 теңге көлемінде әлеуметтік көмекпен қамтуды тапсырған болатын. Оған қоса барлық қазақстандықтардың банктердегі кредиттік төлемдерді уақытша тоқтатып, өсім болмауына тапсырма берген болатын.

    Дегенмен, Президенттің бұл тапсырмасын елемей осындай қысылтаяң шақта пайда көздеген банк иелері өкімет тарапынан түскен, халықтың әрең қол жеткізген 42 500 теңгесіне дейін жымқырып үлгеруде.

    Дәл осындай жағдайды Президенттің штаттан тыс кеңесшісі Олжас Құдайберген де баяндаған болатын. Ол өзіне келген хаттардың ішінен елдегі банктің бірі 42 500 теңгені алған бойда, банктің ақшаны бірден өзіне қайтарып алғанын, нәтижесінде құр алақан қалғанын жеткізген болатын. Ол мұндай жағдайда жәй қарап жатпай тиісті орындарға арыздануға кеңес берген болатын.

    «Егер сізден банк 42 500 теңгені шешіп алса, онда қайтаруын талап етіңіз. Егер банк қайтарудан бастартқан жағдайда жергілікті өңірдің Қаржылық реттеу агенттігіне хабарласып, арызданыңыз», — деді ол.

    Расында, бүгінгі күні мұндай жағдаймен бір емес жүздеген, тіпті мыңдаған адамдар бетпе-бет келуде. «Банк бюджет аударған ақшаны шешіп алса, жұмысынан айырылған біздер қандай ақшаға күн көреміз,  бала-шағамызды қалай тамақтандырмақпыз», — деп шырылдаған халық кімге барып арызданарларын білмей әлек. Жалғыз бір адамның емес жүздеген адамның шырылдаған даусы мен карантин мен қауіпті вирусқа қарамастан халыққа қызмет көрсету орталығына жаппай жиналған халықтың дауысы неге басшылықтың құлағына әлі күнге жетер емес? Осы уақытқа дейін 42 500 теңгенің өзіне мың сан құбылту енгізген басшылық қараша халықтың зарына неге құлақ аспайды. Қашан бітері белгісіз осындай қиын қыстау кезеңде  халықтың майда тебенінен пайда таппақ болғандар неге жазаланбайды?

    Сондай-ақ бұл банк тарапынан төтенше жағдай кезіндегі халыққа кері әсерін тигізер бір ғана кедергі емес. Тоқаевтың тапсырмасы бойынша банктердегі несие үш айға тоқтатылып, өсіміне тоқтау салғанымен, каспи банк клиенттерінің айлық өсімін қалған тоғыз айға бөліп, бәрібір де өз пайдасын таппақ. Яғни, банк тарапынан төтенше жағдай кезінде халыққа ешқандай да көмек көрсетілмейді деген сөз бұл. Тек үш айға төлемді тоқтатқанымен, оны да жиналған үш айлық төлемді төлеуге тура келеді,

    Мемлекет тарапынан қаржылай қолдау білдіру жұмыстары атқарылып жатқанымен, банк клиенттері несие төлемеген жағдайда, өсім өспесе олар өз пайдаларынан, яғни, күнкөріс жалақысынан айырылады деген сөз. Сондықтан, Президенттің нақты тапсырмасы бойынша оларға жұмыс жасау тиімсіз. Үкімет пен банк арасындағы мұндай келіспеушіліктің зардабын тек қара халық қана тартуда.Табысынан да, әлеуметтік көмектен де айырылған халық енді бір күн ең жоқ дегенде 4-5 күнге аштыққа шыдап отырар. Дегенмен, қанша қамап қойсаңда, ешбір адам баласын аш қалдырып, карантин деп қарап отпайды. Басшылықтың мұндай жауапсыздығынан халық бір күні болмаса әйтеуір бір күні көтерілуі айдан анық.

    қатысты посттар

    Шымкенттік дәрігерлер шу шығарды

    Фариза

    Қамауда отырған белсенді Ағаділ «шеге мен болт жұтқан»

    Атышулы экс-депутат шындығын айтты: Ол жігітке дейін мен пәк қыз болғанмын

    Пікір қалдыру

    nine − two =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.