Пятница, 16 января 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Коронавирус

    42 500 теңгені декретте отырғандар алуы мүмкін бе?

    Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов декретте отырған әйелдер 42 500 теңге ала ма деген көптің көкейіндегі сұраққа жауап берді деп жазады Qazweek.kz порталы Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасап.

    Онлайн брифинг кезінде министрге БАҚ өкілдері тарапынан «Декретте отырған келіншектер төтенше жағдайда табысынан айырылғандар санатына жата ма? Олар үшін 42 500 теңгені алу мүмкіндігі қарастырылған ба?», деген сұрақтар қойылған.  Өз кезегінде Біржан Нұрымбетов ондай азаматтар 42 500 теңгенің жәрдемақысын ала алмайтынын жеткізді. «42 500 теңге бұған дейін ресми және бейресми жұмыс істеп, табысынан айырылған азаматтарға ғана беріледі. Сол себепті декреттік демалыста отырғандар бұл санатқа кірмейді. Алайда ондай отбасыда табысынан айырылған адамдар болса, әлеуметтік төлемді міндетті түрде алады», — деді Нұрымбетов. Еске сала кетсек, елімізде төтенше жағдайда табысынан айырылған азаматтарға мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жәрдемақы беру туралы шешім қабылданды. Бұған дейін осы төлем ресми жұмыс істегендерге беріледі десе, кеше президент бейресми қызмет еткендерге де таратуды тапсырды. Осыдан кейін мемлекет басшысының көмекшісі – президент әкімшілігінің өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі Аида Балаева мемлекеттен 42 мың теңге төлем алуға құқығы бар азаматтарға не істеу керектігін түсіндірген болатын.

    қатысты посттар

    Алматы мешіттері жабылып, ертеңнен бастап жұма намаз оқылмайды

    Фариза

    Қарағандыда 2 адам коронавирус жұқтырған: Індетке шалдыққандар саны 49-ға жетті

    Фариза

    Билл Гейтс 2022 жылы COVID-19-дан өлім-жітім саны төмендеуі мүмкін екенін айтты

    Фариза

    Пікір қалдыру

    9 − 7 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.