Сервис Enbek.kz электрондық еңбек биржасының алаңында құрылды. Алғашқы уақытта техникалық ақаулар болуы мүмкін, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі informburo.kz порталына сілтеме жасап.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, төтенше жағдай кезеңінде табысынан айырылуға байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан берілетін төлемдерге өтініштер беру үшін арнайы сервис іске қосылды.
МӘСҚ-тан ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшерінде төлемге өтініш беру үшін келесі қадамдарды орындау қажет:
- https://42500.enbek.kz сайтына кіріңіз;
- «42 500 жәрдемақы алу» таңдаңыз;
- өтініш берушінің аты-жөні, ЖСН, IBAN немесе жұмыс берушінің БСН, электронды поштасы көрсетілген нысанды (форма) толтырыңыз;
- нысанды (форма) жіберу керек;
- жүйе телефон нөмірін сұрайды;
- телефон нөмірін SMS арқылы жіберілген кодпен растау;
- өтініш жіберілді.
Өтінішті өңдеп, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ деректерін тексергеннен кейін, өтініш беруші қабылданған шешім туралы SMS-хабарлама алады, ақпарат төлемді тағайындау және төлеу үшін МӘСҚ-қа жіберіледі.
Төтенше жағдайлар кезінде табысынан айырылу жағдайына байланысты МӘСҚ-тан әлеуметтік төлем келесі санаттағы азаматтарға тағайындалады:
- орта, шағын және микробизнес субъектілерінің қызметкерлері;
- жеке кәсіпкерлер;
- жеке практикамен айналысатын адамдар (нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор);
- бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер;
- нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс табатын, салық агенттері олар үшін міндетті зейнетақы жарналарын аударған адамдар;
- карантин енгізілген елді мекендердегі ірі бизнес субъектілерінің қызметкерлері.
Өтінімдерді қарастырудың және әлеуметтік төлемдерді тағайындаудың жалпы мерзімі – 3 жұмыс күні.
14 комментария
Харошо
жұмыссызбын
Уакытша жумыссызбын
Салеметсиз бе жумыссыз отырмын
Я безработная,многодетная мама
Многодетная , безработная
Саламатсызба мен отиниш бердим мен жалданп кафеде даяршы жумс жасайм казир осы карантинге карсы жауп тастады енди мен актобе ботка бердим енбек кз бердим 1414хабар келди отклонен деп бирак менин айта кететиним озим 40мынга патер жалдап турам еки улыммен осы уакытка дейин посовия алп кормедим енди мына 42500басында жумысы уйи жагдайы бар адамдар алп жатр а биз сыякты жылап ениреп журген адамдарга отклонен деп смс келди
салеметсіздерме мен үш баланы жалғыз базарда сауда жасап асырап отырған жалғыз басты Анамын маған не себепті 42500берілмейді маған өтініш қабылданбады деп келді үлым студент оғанда солай келді неге? сонда біз аштан өліуіміз керекпе
Здраствуйте я мать 5детей,муж таксует работы нет. Муж зарабатывал таксистом. Я получаю пособие 53с копейками но этого сами знаете не хватает. Моему младшему 1год и месяц. Хотела выйти на работу но изза введения карантина теперь сижу дома. Подала заявку на 42500т даже оплатила ЕСП но мне отказали. Почему?
Мен ЕСП төледім содан кейін барып өтініш бердім, бірақ маған есп төленбеген сол себепті сізге 42500 тағайындалмайды деген жауап келді. Менде төленгені туралы смс хабарлама тұр ғой.
Мен Әбдікәрі Камшат 990208400120 Сәуірдің 12сі күні өтініш білдірген едім.Сайтта жәрдемақы табысталады деп айтылған. Бірақ ақша әле түспеді. Менің өтінішімді тексеріп жауап берулеріңізді өтінемін.
Саламатсызба мен декреттегі анамын балам жас жарымда 42500ге өтініш берип едим маган чп кезінде есп толемегенсің деп смс келді. Кейін толеп өтініш бердім маған тағы сол жауап келді. Енді оны қалай өзгертуге болады. Соган жауап алгым келеді.
Маган неге 42500 берилмеди
Маган неликтен 42500 берилмеди