Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, төтенше жағдай кезеңінде табысынан айырылуға байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан берілетін төлемдерге өтініштер беру үшін арнайы сервис іске қосылды.

МӘСҚ-тан ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшерінде төлемге өтініш беру үшін келесі қадамдарды орындау қажет:

  • https://42500.enbek.kz сайтына кіріңіз;
  • «42 500 жәрдемақы алу» таңдаңыз;
  • өтініш берушінің аты-жөні, ЖСН, IBAN немесе жұмыс берушінің БСН, электронды поштасы көрсетілген нысанды (форма) толтырыңыз;
  • нысанды (форма) жіберу керек;
  • жүйе телефон нөмірін сұрайды;
  • телефон нөмірін SMS арқылы жіберілген кодпен растау;
  • өтініш жіберілді.

Өтінішті өңдеп, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ деректерін тексергеннен кейін, өтініш беруші қабылданған шешім туралы SMS-хабарлама алады, ақпарат төлемді тағайындау және төлеу үшін МӘСҚ-қа жіберіледі.

Төтенше жағдайлар кезінде табысынан айырылу жағдайына байланысты МӘСҚ-тан әлеуметтік төлем келесі санаттағы азаматтарға тағайындалады:

  • орта, шағын және микробизнес субъектілерінің қызметкерлері;
  • жеке кәсіпкерлер;
  • жеке практикамен айналысатын адамдар (нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор);
  • бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер;
  • нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс табатын, салық агенттері олар үшін міндетті зейнетақы жарналарын аударған адамдар;
  • карантин енгізілген елді мекендердегі ірі бизнес субъектілерінің қызметкерлері.

Өтінімдерді қарастырудың және әлеуметтік төлемдерді тағайындаудың жалпы мерзімі – 3 жұмыс күні.