-1.1 C
Алматы
Пятница, 22 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат Коронавирус

    Дезинфекция жасаушылар есепке арналған «әдемі» суретке әлек болып жүргенде, Қазақстанды коронавирустың ошағына айналдырып жібермек

    Бүгінгі таңда коронавирусқа байланысты еліміздің әр өңірінде дезинфекция жұмыстары жүргізілуде. Қала көшелерінен бастап тұрғын үй кешендерінің ішіне дейін вирусты залалсыздандырып жатқан мамандардың әдемі көрінісін байқауға болады. Дегенмен, бұның барлығы да — тек көгілдір экраннан ғана көрініп жатқан күшті көрініс. Ал шын мәнінде жүргізіліп жатқан дезинфекция жұмыстары көңіл қуантарлық па? Жоқ! Себебі, өңірлердегі тек суретке түсу үшін ғана қолдарына дезинфекция құралдарын ұстаған мамандарды халық көзден таса қалдырмай, олардың өтірік жұмыстарын әшкере қылуда.

    Күні кеше әлеуметтік желіде дезинфекция құралдарын ұстап, суретке түсіп қана кетіп бара жатқанын тұрғынның түсіріп алған видеосы тарады. «Неге дұрыстап дезинфекция жасамайсыздар, сонда сіздер тек суретке түсіріп алу үшін ғана келдіңіздер ме, мұндай тапсырманы сіздерге кім берді?», — деген тұрғынның сұрағына олар бір ауыз тіл қата аламады да. Ал кетіп бара жатқанда, өздерінің тек суретке түсу үшін ғана келгендігін, ал дезинфекция жұмыстарын жасауға басқа мамандардың келетіндігін ғана айтып кетті.

    Дәл осындай шағым Алматы қаласы тұрғындары тарапынан да шығып жатыр. Дезинфекция жасауға келген қызметкерлердің 3 минуттан артық жүрмейтінін, өтірік қана жұмыс істеп кететін айтып ашынуда.

    https://www.facebook.com/100001249024142/posts/3137379822980288/?d=n

    Қарап отырғанымыздай, бұл басшылықтың Қазақстан былай тұрмақ бүкіл әлемге қауіп төндіріп, қанша адамның өмірін жалмаған, күннен-күнге өршіп бара жатқан коронавируспен күрескен әрекеттері.

    Бұған дейін, естеріңізге сала кетсек, Нұр-Сұлтан қаласы көшелеріндегі арнайы түсірілмге арналған дезинфекция жұмыстары туралы жазған болатынбыз. Көшеге дезинфекция жұмыстарын жасап жатқан болып әдемі көрініс жасап жатқан «арнайы» мамандардың түсірілім біте салысымен-ақ қарасын да таппай қалған едік. Осындай өрескел қателіктер бүгінгі күнге дейін жалғасып келеді.

    Онсызда үрейі ұшқан халық, осы уақытқа дейін масканың да, антисептиктің де жетіспеушілігін көріп әбігерге түскен болатын. Енді, аты жаман вирусты жұқтырып алмайын деп жанын шүберекке түйіп отырған халықты мұндай өтірік жұмыспен алдап қою кімге керек?

    Дезинфекция жасауға келген мамандардың мұндай жауапсыздығы халық өлсе өле берсін деген ойы ма әлде бұл. Еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін үйге тығып қойып, жасаған дезинфекцияларының түрі мынау. Басқаны ойламаса да, сол бір ауаны жұтып жүрген мамандардың өзін ойламауы қалай? Бір адамнан 10 адамға дейін жұғу мүмкіншілігі жоғары бұл вирус әлде дезинфекция мамандарына емес, тек қарапайым халыққа ғана арналғаны ма?

    Бұл уақытқа дейін де мұндай өрескелдіктер айтылып жатса да, басшылықтың бұған бір ауыз тіл қатпағаны қалай? Шын мәнінде, коронавирусты тоқтатамыз деп дабыл қаққан басшылар, мынандай жауапсыздықпен, мынандай өрескелдікпен қалай бүл індетті ауыздықтамақ? Жоқ, әлде, халықты 42 500 теңгемен ауыздарын майлап қойып, отыра бермек пе?

    Сондай-ақ бұл коронавируспен күресудегі басшылықтың бірінші және соңғы қателігі емес. Байқағанымыздай, үлкен мегаполистерде ғана болмаса, басқа қала, аудан, ауыл өңірлерінде тіпті қарапайым температураны өлшейтін құрылғы жоқ. Ал Түркістан қаласының мамандары болса қызуөлшегішпен дене қызуын өлшеп әлек болуда. Ал облыстар карантинге жабылмас бұрын, дене қызу өлшейтін құрылғы былай тұрсын, тіпті адамдардың қайдан келіп, қайда бара жатқандығын анықтайтын қарапайым құжаттарды да тексерген жоқ. Тек әбден індет еліміздің бар аймағына жайылып біткен кезде ғана, бар қаланы карантинге жауып, үйлеріне бір-ақ қамады.

    Әрине, еліміз тәуелсіздік алған жылдардан бастап, мұндай күрделі мәселемен бірінші рет бетпе-бет келіп тұр. Дегенмен, бұл жағдай елдің де, адамның да мәселесіне қарап тұратын зат емес. Сондықтан дер кезінде қабылданбаған шешім, қадағаланбаған жұмыс – қанша адамды ауруға шалдықтырып, қанша адамды жақынан айырады.

    Еліміз коронавируспен осылай күресіп жатқанда, халық кімге сенім артады? Коронавирустың кесірінен қайтыс болған 3 адамның обалы кімге болмақ?

    қатысты посттар

    Елбасының өкілеттігін одан әрі қысқарту мәселесі күн тәртібінде жоқ – Мусин

    Фариза

    Ақтөбе қаласы карантинге жабыла ма?

    Фариза

    Жүргізуші куәлігін алып жүруден босату: Тоқаев заңға қол қойды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    two × one =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.