-0.1 C
Алматы
Пятница, 27 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат Коронавирус

    Тоқаевтың кеңесшісі: Карантин тағы бір айға созылуы мүмкін

    Мемлекет басшысының штаттан тыс кеңесшісі, экономист Олжас Құдайберген Қазақ радиосына берген сұхбатында карантиннің белгіленген мерзімнен тағы  1 айға созылуы мүмкін екендігін айтты, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі.

    Олжас Құдайберген Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесі бойынша әлеуметтік көмекті алатындардың саны көбейгенін, 1.5 миллионнан 3 миллионға дейін артқандығын атады.

    «42 500 теңге, әрине, әр адамның барлық керегін қамтамасыз етуге жетпейді. Дегенмен, азық-түлік пен нақты керекті заттарды алуға жеткізуге болады», — деді Олжас Құдайберген.

    Сондай-ақ салықтан босатылған кәсіп иелерінің карантин тоқтаған жағдайда да олардың белгіленген мерзімге дейін салықтан босатылатыны туралы атап өтті.
    Соымен қатар, Президент кеңесшісі карантиннің белгіленген 15 сәуірден тағы да бір айға созылуы мүмкін екендігін жеткізді.

    Естеріңізге сала кетсек, Президенттің тапсырмасымен коронавирустың елімізде таралуына байланысты бүкіл Қазақстан бойынша төтенше жағдай жарияланып, 15 сәуірге дейін карантин жарияланған болатын.

    «Елдегі қазіргі болып жатқан ахуалға байланысты мұнайдың бағасы 10 долларға көтерілуі мүмкін. Дегенмен, басшылықтың оған антикризистік алдын-ала жоспарлаған әрекеттері дайын. Сондықтан мұнай бағасы елдегі экономикалық құлдырауға әсер ете алмайды», — деді ол.

    Олжас Құдайбергенмен сұхбаттың толық видеосын назарларыңызға ұсынамыз:

    https://www.facebook.com/qazaqradiosy/videos/2808347462582635/

    қатысты посттар

    Назарбаевқа бюджеттен 330 миллион теңге бөлінбек

    Мұхтар Жәкішевтің соттағы соңғы сөзі

    2 миллион алуы керек коронавирусқа шалдыққан дәрігерлер дәріге ақша таппай жүр

    Фариза

    Пікір қалдыру

    20 − thirteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.