-13.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Коронавирус

    Қазақстанда коронавирустан тағы бір адам көз жұмды

    Нұр-Сұлтанда тағы бір адам коронавирустан қайтыс болды, деп хабарлайды Qazweek.kz zakon.kz порталына сілтеме жасап.

    Нұр-Сұлтанда коронавирус инфекциясынан бір адам көз жұмды. Қазақстан бойынша жаңа вирус түрінен екі адам қайтыс болды, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің телеграм-арнасы.

    31 наурызда Нұр-Сұлтанда бір кісі өлім тіркелді: 50 жастағы науқас жедел жәрдем тобымен 2020 жылдың 21 наурызында ауруханаға түсті. Ол бір ай бойы ауырып, медициналық көмекке жүгінбеген. Жұмысы жиі іссапарлармен байланысты, деп хабарлайды coronavirus2020.kz телеграм-арнасы.

    Онымен жақын байланыста болған 31 адам ауруханаға жатқызылды, оның ішінде отбасы мүшелері мен бірге жұмыс істеген жұмысшылар да бар.

    Одан бөлек 55 потенциалды байланыстағы адам анықталып, үй карантиніне алынды.

    Кейіннен екі жақын отбасы мүшесінен де коронавирус тіркелді.

    Қазақстанда коронавирустан алғашқы кісі өлімі 26 наурызда тіркелді. Ол — Ақмола облысының 64 жастағы тұрғыны.

    қатысты посттар

    Жамбыл мен Солтүстік Қазақстан облыстарында коронавирус жұқтырғандар тіркелді

    Фариза

    Вакцина қабылдаған жамбылдықтардың саны 300 мыңға жуықтады

    Фариза

    Жыл басынан бері вакцина паспортын сату мен ПТР-тестті қолдан жасауға қатысты 65 қылмыстық іс қозғалған – ІІМ

    Фариза

    Пікір қалдыру

    seventeen − eleven =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.