-0.1 C
Алматы
Четверг, 1 января 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясатКоронавирус

    Медицина маманы қайтыс болған жағдайда 10 миллион теңге беріледі — министр

    Коронавирус пандемиясы кезінде қайтыс болған медицина қызметкеріне 10 миллион теңге беріледі. Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

    «Медицина қызметкерлерінің денсаулығы мен өмірін сақтандыру мәселесі де пысықталды. Олар ауырып қалған жағдайда 2 миллион теңге мөлшерінде сақтандыру төлемі беріледі. Құдай сақтасын, егер медицина қызметкерлері қайтыс болған жағдайда 10 миллион теңге мөлшерінде жәрдемақы беріледі», — деді министр «Хабар 24» телеарнасында өткен онлайн-брифингте.

    Мұның алдында Абаев карантин режимінде жұмыс істеп жатқан медициналық қызметкерлер жұмыстың қауіпсіздігіне қарай үш топқа бөлінетінін және осы үш топтың алатын үстемақысын атағанболатын.

    қатысты посттар

    «Коронавирус қазақстандықтарды да үй қамақта отыруға мәжбүрлемек» Наурыз қарсаңында қандай шаралар мен орындарға тыйым салынды?

    Фариза

    Дариға Назарбаеваның Мәжіліс отырысына не себепті қатыспағаны белгілі болды

    Фариза

    Досым Сәтпаев: Қазақстанға коронавирус келсе, біздің билік үндеми құтылуға тырысады не «жалған ақпарат таратқандарды» қорқытуға кіріседі

    Фариза

    Пікір қалдыру

    19 + 3 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.