-11.1 C
Алматы
Воскресенье, 22 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Коронавирус Қоғам Мәдениет және шоу-бизнес

    «Шықпа!» деді ме шықпайық» Өнер жұлдыздары дәрігерлер мен полицейлерге құрмет көрсетуге шақырды

    Өнер адамдары ақ халаттылар мен тәртіп сақшыларына ерекше құрмет көрсетуді қолға алмақ, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Shownews.kz порталына сілтеме жасап.

    Әлеуметтік желіде ауқымды аудиториясы қалыптасқан өнер өкілдері ерекше флешмоб бастады. Бұл жолы жаңа жоба медицина және полиция қызметкерлерін рухани қолдауға арналған. Әртістер инстаграм парақшасындакарантин кезінде де міндетін мүлтіксіз атқарған дәрігерлер мен тәртіп сақшыларына бүкіл ел болып қошемет көрсетуге шақырды.

    Біздің қалыпты өміге қайта келуіміз үшін 24 сағат бойы қызмет етіп жүрген ақ халатты абзал жандардың құрметіне және басқада қызметте жүрген барша азаматтарға мынау өзге елде құрмет көрсеткендей бізде қошемет көрсетейік.

    “Бүгін 20-00-де дәрігерлерге құрмет көрсетуге шақырамын. Сағат 8-де қылтимаға шығып, терезелерді ашып, шапалақ ұрайық. Қалай шапалақтаймыз? «Рахмет!» Дәл осылай жасайық”, – дейді актер Санжар Мәди.

    Сондай-ақ, шоу-бизнес өкілдері елімізде орын алып жатқан келеңсіздіктер мен бекітілегенережелерді ескеруді жөн санайды. Халық арасындағы қауіпсіздіктің дұрыс сақталмауы әншілер қауымын алаңдатып отыр.

    “Техника, теледидар, интернет, телефонның бәрі қолымызда бар. Сондықтан үйде отыру – біз ойлағандай қиын емес. Күніңді дұрыс ұйымдастырмасаң, жасап үлгермей қалатын жұмыстар да бар. Өз басым, тайм-менеджмент жайлы, қарым-қатынас жайлы осы апта көп мәліметтер алдым. Дәл осы тәжірибе де мен үшін пайдалы. Сондықтан достар, бұл жағдайға салғырт қарамайық. Біз бәрін орындап, дұрыс жасасақ бұл карантин де тезірек аяқталады. Мен бұған сенемін, сол үшін үйде отырайық”, – дейді Әли Оқапов.

    “Біздер отбасымызға, ұлт тағдыры сынға түскенін білгеніміз жөн. Мұны сақтай алатын бір ғана дүние бар. Әрине, Жаратқан сосын темірдей тәртіп. Темірді тәртіпті ұстанып, 10 күн бойы ешқайда шықпадық, сіздер де ешқайда шықпаңыздар. «Шықпа!» деді ме шықпайық, «Маска ки!» деді ме киейік. Темірдей тәртіп қана бізді сақтайды”, – дейді Қыдырәлі Болманов.

    Елімізде әлемдік пандемияға шалдыққандар саны күннен-күнге еселенуде. Өзіңіз бен өзгелердің өміріне салғырт қарамаңыз. Жаһанды жайлаған дертті жеңудің жалғыз жолы – үйде отыру мен тазалық сақтау!

    қатысты посттар

    Таразда 456 нысан «Ashyq» қосымшасымен жұмыс істейді

    Фариза

    Алматыда «Ақкент» тұрғын үй кешені карантинге алынды

    Фариза

    Қалалық Санитарлық дезинфекция ұсталып қалды. Бұл жай ғана әдемі кадрға ғана түсірілген көзбояушылық

    Фариза

    Пікір қалдыру

    15 − six =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.