-12.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    «Олар мені мәжбүрлеп жатыр, кешіріңдер мені»,- Аманбике Хайрулланың соңғы жазбасы

    Күні кеше қоғам белсендісі Аманбике Хаурулланың Ақтөбе облысында мәйіті табылған болатын. Ол өлер алдында әлеуметтік желідегі парақшасында қоштасу жазбасын да қалдырған екен. Ата-анасы мен балаларынан кешірім сұраған Аманбике Хайрулла өзін мәжбүрлеп жатқандығын айтқан, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі.

    Марқұм Аманбике Хайрулланың фейзбук әлеуметтік желісіндегі соңғы жазбасы:

    Қазақ елі мен жолдың айрығына келіп жеттім. Ендігі таңдауым бір-ақ нәрсе. Тек білерім бір нәрсе адамдар қатігез, қатігез болғаны сонша ана мен баланы айыруға барып отыр. Қазақ еліне лайықты қазақ қызы бола алмағаным үшін кешірім сұраймын. Кешіріндер күнәсіз пәк адамдар. Тынысым тарылып барады. Әттең Ұлан Байтақ Қазақ жеріне сыймай бара жатқаным. Балапандарым кешіріндер мені. Сендерге лайық өмір бере алмағаным үшін. Әкешім Анашым кешіріндер. Әлсіз болғаным үшін. Олар мені мәжбүрлеп жатыр. Олар жер үшін елім үшін жүрміз дейді жооқ ,олар мені еріксіз мені алып бара жатыр. Тұңғиыққа. Қазақ елі кешіріндер мені тап сіздер қалаған пенде бола алмағаным үшін. Соня. Жанна Есмурзаева. Ақтамақ. Алтынай. Бәрі бәрі кінәлі. Барлық адамзат . Билікте. Әкімшілікте. Халықта. Мен кеткеннен бәрі жақсы болатын болса жақсы мен кетем. Бірақ бір білетінім Дулатқа және оның отбасына еш жамандықты тілеген жоқпын. Имандай шыңым. Кешіріндер мені.

    Естеріңізге сала кетсек, 28 наурыз күні таңғы сағат сегіз шамасында Ақтөбеде жергілікті белсенді Аманбике Хайрулланың мәйіті табылған болатын. Таныстарының айтуынша, Аманбике Хайрулланың асылып тұрған денесі қаланың шеткері ауданындағы қалың ағаш арасынан табылған. Бұл деректі Ақтөбе облысы ішкі саясат басқармасы да растады.

    Марқұм Аманбике Хайрулла 32 жаста болған. Үш баласы бар жесір әйел. Ол Ақтөбеде өткен Қытай зауыттарына қарсы наразылыққа, саяси тұтқындарды босату талабы айтылған наразылық акцияларына, билікке қарсы бейбіт митингілерге қатысқан. Оның күйеуі осыдан үш жыл бұрын жол апатынан көз жұмған еді.

    қатысты посттар

    Түркияда депуттар жаға жыртысып, бір-біріне орындық лақтырды (видео)

    Фариза

    Шұғыл ақпарат! Баланы ата-әжемен қалдыру сіздің ата-анаңыз үшін қауіпті

    Фариза

    Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандардың саны 27 адамға жетті

    Фариза

    Пікір қалдыру

    three × four =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.