Воскресенье, 7 декабря 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Коронавирус

    Димаш пен Тасмағамбетов COVID-19 жұқтырған Лещенкомен бірге болған

    Ресей баспасөзінде кезіндегі танымал әнші Лев Лещенконың коронавирус жұқтырып, ауруханаға жатқызылғаны туралы ақпарат пайда болды, деп хабарлайды Qazweek.kz  zakon.kz порталына сілтеме жасап.

    Ауруханаға түсіп қаларының алдында екі күн бұрын Лещенко Мәскеуде шығармашылық және саясат әлемінің игі-жақсыларымен әбден шүйіркелескен.

    Алдымен атышулы Малаховтың шоуында болып, одан кейін Игорь Крутойдың қарындасының туған күнінде думандатқан.

    Ол кешке шақырылғандардың арасында ресейлік шоу-бизнес жұлдыздарын айтпағанда қазақстандық әнші Димаш Құдайберген, Иманғали Тасмағамбетов, тіпті РФ президенті Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковқа дейін болған.

    Бүгін РФ президентінің баспасөз қызметі «Путин әкімшілігінде коронавирус жұқтырды деген күдікті шенеунік табылғанын» растады.

    қатысты посттар

    Пандемия қашан аяқталады? Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жауап берді

    Фариза

    Тоқаев: Төтенше жағдай кезінде қазақстандықтарға жәрдемақы төленеді

    Фариза

    Алматыда «Ақкент» тұрғын үй кешені карантинге алынды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    one × two =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.