-11.1 C
Алматы
Воскресенье, 22 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат Коронавирус Қоғам

    «Бизнес по-Шымкентски!» Халықтың үрейі мен ажиотажды пайдаланып пайда табушылар көбейді

    Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласына карантин енгізген коронавирус Шымкент қаласына жетті. Күні кеше Шымкент қаласында екі адамда коронавирус анықталған болатын. Содан бастап қаланың 12жерінен блок-пост қойып, халықтың маскаға сұранысы артты.

    Ал енді Шымкент қаласының базарларына маскасыз кіруге тыйым салды. Ал базардың алдында пайда тапқысы келгендер қарапайым қолдан дәкеден тігілген маскаларды 200-300 теңгеге сатып отыр.

    Әлеуметтік желіде видео таратқан Шымкент қаласының тұрғыны қала ішіндегі мұндай озбырлыққа ашынып, жан айқайын жеткізуде.

    https://www.facebook.com/367207583297813/videos/%D0%BC%D0%B0%D1%81%D0%BA%D0%B8/214319456485532/

    Видео Facebook әлеуметтік желісіндегі Pravo.kz тобынан алынды.

    Тұрғындардың айтуынша масканың бағасына қатысты мұндай мәселе дәл қазір туындаған жоқ. Коронавирустың Қазақстанға келісімен-ақ масканың бағасы 180 теңгеге бір-ақ шыққан. Тіпті кейін 250 теңгеге дейін көтерілген. Ал бүгін қарапайым дәкеден тігілген масканың өзі 300 теңгеге дейін сатылып жатыр.

    Халық жанын сақтап қалу үшін маска іздеп әлек болса, осындай қиын қыстау уақытты пайдаланып пайда тапқысы келгендер әлі күнге жазаланбаған, не маска бағамына байланысты бірде-бір тексеріс, бірде-бір шара қолданылмаған.

    Естеріңізге сала кетсек Алматыда дәл осындай маскаға байланысты ажиотаж пайда болған кезде Алматы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев маска бағасын 87-111 тенге баға аралығында қойып, пайда тапқысы келіп бағаны асыратындар болса жазаға тартылатынын ескерткен болатын. Сонда мұндай заң тек Алматы қаласы үшін ғана жұмыс істейтін болғаны ма?

    Қаланың іші абыр-сабыр, халық бағаның көтеріп жіберуінен маскаға қол жеткізе алмай, базарға кіре алмай тұрғанда қала әкімшілігі қайда қарап отыр?

    Сондай-ақ  жуырда базарларға, сауда орталықтарына маскасыз кіруге тыйым салынған болатын. Ал маскалары жоқ азамттарға тегін маска тарату міндеттелген. Шымкент қаласының басшыларына бұл тапсырма сірә жетпей қалған көрінеді, әлде, басшылықтың мұндай талабына пысқырып та қарамайтын болғаны ма?

     

    қатысты посттар

    «Өкінішке қарай, сондай жағдай болып қалды» Елжан Біртанов мәлімдеме жасады

    Фариза

    Арыс қаласына Жамбыл облыстық мәслихат депутаттары келді

    Қазақстанда аса қауіпті дерт таралып жатыр

    Фариза

    Пікір қалдыру

    2 × one =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.