-13.1 C
Алматы
Четверг, 26 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат Коронавирус

    Думан Айтжановтың құпия жағдайы: Өздеріне жақпайтын сұрақ қойсаң, бір-біріне сілтей жөнелетін жауаптылар не жасырып отыр

    Осыдан біраз уақыт бұрын Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының орталық ауруханасында жұмыс жасайтын акушер-гинеколог Думан Айтжановтың Қазақстанда 70 адам коронавирусқа шалдыққан деген видеоүндеу жолдаған болатын. Біраз уақыттан кейін айтылған ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері жалған екендігін айтып оны құқық қорғау органдарының қызметкерлері қамауға алған болатын.

    Втдеоүндеуден кейін біраз уақыт өткеннен кейін дәрігер Думан Айтжановтың өзі қайта видеоүндеу жолдап, қалжың ретінде түсірілген видео болғандығын түсіндірді.

    «Мен, акушер-гинеколог Думан Кемпилович Айтжанов, бүгінгі видеоүндеуімді What’s app-тағы «Братва» тобына коронавирус туралы жіберген видеома байланысты жаздым. Достарыма әзілдедім, қорықсын дедім, коронавирус туралы ескерттім. Видео үшін қатты өкінемін. Мені көріп отырғандарға мен сияқты қателік жасамаңдар деп айтқым келеді», — деген болатын дәрігер видеоүндеуінде.

    Оған ҚР ҚК-нің 274-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі басталған болатын.

    Ал күні кеше фейзбук әлеуметтік желідегі парақшада Думан Айтжановтың үстінен қылмыстың іс қозғалғаны туралы ақпарат тарады.

     

    Аталған постта елімізде білікті гинеколог-мамандар жеткіліксіз. Соған қарамастан Думан Айтжанов шындықты айтқаны үшін өз жұмысына орала алмай отыр. Думан Айтжановтың КНБ-ның қатаң бақылауында екендігі, сондай-ақ үйқамаққа қамалғандығы туралы айтады.

    Аталған ақпараттың рас-өтірігін анықтау үшін Qazweek.kz ақпарат агенттігінің журналисі жауаптыларға хабарласып көрген болатын. Дегенмен, білдей бір 3 мекеменің бірде-біреуінен мардымды жауап ала алмадық.

    1.Думан Айтжановтың жұмыс істеген орны Еңбекшіқазақ ауданының орталық ауруханасына түстен ауа хабарласып көрдім. Ондағы тіркеу бөлімінің мамандары бұл іске жауаптылардың жұмыс уақыты аяқталып кеткендігін айтып, аурухананың баспасөз қызметі күніне 2-ақ сағат жұмыс жасайтындығын жеткізді. Сондықтан бүгін Думан Айтжановтың әлі күнге аталған ауруханада жұмыс жасап жатыр ма, жоқ па немесе оған басшылық тарапынан қандай шара қолданылды біле алмадық.

    2.Алматы облысының полиция департаментіне хабарласып көрдік. Полиция департаментінің қызметкері аты-жөнім мен сайт туралы, қандай сұрақ қойғанымның барлығын тәтпіштеп жазып алды да, бұл сұраққа ақпаратты жинақтап алғаннан кейін өзі хабарласып айтатындығын айтты. Жарты сағат өте салысымен қайта хабарласып, баспасөз қызметінің Ақбота есімді қызметкерінің нөмірін беріп, ол кісіге барлық ақпаратты жеткізгенін, сол кісіге хабарласып, мазалаған барлық сұрағыма жауап ала алатынымды айтты. Бірден баспасөз қызметіне хабарласып, сайтттан хабарласып жатқанымды айтып бастап жатқанымда-ақ тұтқаны тастай салды. Одан кейін 3-4 қоңыраудан кейін ғана жауап қайтарған Ақбота ханым ақпараттың әлі қолына жете қоймағандығын айтып, тек 1-2 сағаттан кейін ғана хабарласуымды айтты. Аталған уақыт өткеннен кейін хабарласқанымда телефондарын мүлдем сөндіріп тастаған. Ал кейін қайта қосты, бірақ барған қоңырауымды қайтарып тастады. Думан Айтжановқа байланысты туындаған сауалымның жауабын Полиция департаментінен де ала алмадым.

    3.Алматы облысы денсаулық сақтау орталығына хабарластым:

    1.«Алматы облысы денсаулық сақтау орталығының қызметкерлерінен Еңбекшіқазақ ауданының орталық ауруханасының баспасөз қызметі неліктен 2 сағат қана жұмыс істеді? Мұндай тапсырма түсіп пе еді?», — деген сауалыма: Қазір демалыс уақыты ғой, демалыс уақыты болғандықтан 2 сағат жұмыс істейді, ал кезекші дәрігерлер бар деп жауап берді.

    Бүкіл халық мұнда коронавирустан алаңдап отырғанда, халыққа ақпарат таратуы тиіс аурухананың баспасөз қызметі наурыздық демалысқа шығып кетіпті.

    2.«Думан Айтжановқа қылмыстық іс қозғалып жатқаны рас па?» — деген сауал қойдым. Коронавирусқа байланысты сұрақтың барлығына жауап беретін бөлек мекеменің бар екенін айтып, бір нөмірді берді.

    Ол кісіге де хабарласып көрдік. Бірақ, ол кісі де мұндай сұраққа бұл мекеменің жауап бермейтіндігін, тек коронавирусқа байланысты денсаулыққа байланысты қиындықтарға ғана жауап беретіндігін жеткізді. Ал жауапты адамдарға беруін өтінгенімде, телефон арқылы ондай ақпарат бере алмайтындығын, тек мекемеге келіп қана жауап алатындығымды немесе Денсаулық сақтау министрлігіне хабарласуым керектігін айтты.

    4. Денсаулық сақтау министрлігіне де хабарласып көрдік. Қоңырауға жауап бермейді.

    Қоғамды алаңдатын қанша сұрақ бар. Бірақ жауаптылардан жауап іздеп сандаламыз. Қарап отырғандарыңыздай, бір адам үшін қанша жерге хабарлассақ та бірде-біреуінен мардымды жауап ала алмадық. Журналистерге добы бұйырмайтын футбол алаңы секілді құдды. Бір-біріне сілтей салу, бірнеше сағаттан кейін хабарлас деп, қайта телефонға жауап бермеу — бұл журналистика әлеміне таңсық емес. Себебі, мұндай жағдай бірінші рет емес, екінші рет те емес, үнемі жолығады. Журналист билік пен халық арасындағы ақпаратты жеткізуші. Бірақ, осындай жауаптан жалтаратын, өз қызметін адал орындамайтын жатып ішерлердің әсерінен нақты ақпаратқа қол жеткізе алмайтын сәттер де жиі кездеседі.

    қатысты посттар

    Коронавирустан емделіп шыққан Елбасы елге үндеу жасады

    Фариза

    Өзбекстан Сардоба су қоймасын саларда Қазақстанның келісімін алған жоқ — министр

    Фариза

    Талдықорғанда бір адамда коронавирус анықталды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    one × 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.