15 C
Алматы
Суббота, 21 марта 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясатКоронавирус

    «Шенеуніктердік коронавирусқа шалдыққаны туралы ақпарат медициналық құпия болып саналады», — Дәурен Абаев

    Ақпарат және қоғамдық даму министрінен Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың арасында жоғары лауазымды шенеуніктердің бар-жоғы сұралды. Ал ол Қоғамдық денсаулық сақтау кодексіне сілтеме жасай отырып, бұл ақпаратты жария етуге құқығы жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат порталы, Stan.kz-ке сілтеме жасап.

    «Бұл ақпарат медициналық құпия болып табылады және оны жария етуге құқығымыз жоқ», — деді Дәурен Абаев.

    Сонымен қатар, кімнің ауырып жатқаны маңызды емес екенін атап өтті. «Ең бастысы, сауығып кетсе болды», — деді министр.

    Сондай-ақ, қазір билік Қазақстанда төтенше жағдай қашан аяқталатынын нақты айта алмайды.

    «Дәрігерлердің екертпелерін неғұрлым дұрыс орындасақ, жағдай соғұрлым тез қалпына келеді. Науқастардың саны көбейіп, содан кейін барып төмендейді деп күтілуде. Бір айдың көлемінде деп үміттенеміз», — деді Дәурен Абаев, Орталық коммуникациялар қызметі орталығында өткен брифингте.

    қатысты посттар

    Тоқаев 42 500 теңгені тағы кімдер алатынын айтты

    Фариза

    Тойханаларды спорт мекемелеріне айналдырып жіберейік – депутат

    Фариза

    «Ақшасы бар шетелдіктер xалқымызды да сатып алып, білгенін жасай бере ме…»

    Пікір қалдыру

    13 + three =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.