Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Коронавирус Қоғам

    Алматыда тұрғын үйлер карантинге жабылды

    Алматы қаласында «Сұңқар» тұрғын үй кешенінен бөлек Медеу ауданында тағы үш тұрғын үй карантинге жабылды, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарвт агенттігі sputniknews.kz порталына сілтеме жасап.

    Алматыда коронавирусқа байланысты тағы үш көп қабатты үй карантинге жабылды. Бұл туралы Алматы қаласының әкімдігі хабарлады.

    Кеше қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров Алматы қаласында коронавирусты жұқтыру ошақтары бар екенін айтқан болатын.

    «Басты міндет – ауруды жұқтыру тізбегін бұзу, карантин режимін сақтау, вирустың қалада таралуына және оның басқа өңірлерге шығуына жол бермеу», — деді Бабақұмаров.Таңертең «Сұңқар» тұрғын үй кешеніне карантин енгізілгені хабарланды. Біраз уақыттан кейін әлеуметтік желіде он бір көп қабатты үйде коронавирус жұқтырған адамдар тұрады деген ақпарат тарады. Ішінде коронавирус ошағы болып саналатын төрт тұрғын үй бар.

    Ержан Бабақұмаров «Сұңқар» тұрғын үй кешенімен бірге тағы үш көп қабатты үйдің карантинге жабылғанын растады.

    «Олар Достық, 42; Достық, 42а; Қабанбай батыр, 68 мекенжайында орналасқан. Барлық аула қоршалып, төрт бақылау-өткізу пункті орнатылды», — деді Бабақұмаров.Сондай-ақ, жұқтыру ошақтары мен олардың нақты саны туралы ақпаратты кейінірек жіберетінін айтты.

    қатысты посттар

    Алматыда Аяжан Еділованы жерлеу рәсімі өтті

    Фариза

    «Бір тісі жоқ, сөйлей алмайды, тіпті тамақ іше алмайды» Шымкентте аяусыз соққыға жығылған келіншектің әпкесі жанайқайын айтты

    Фариза

    Қарағандыда көпбалалы анаға әкімдік 122 теңге атаулы әлеуметтік көмек берген

    Фариза

    Пікір қалдыру

    two × 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.