Понедельник, 27 октября 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Коронавирус

    Ақтөбе қаласы карантинге жабыла ма?

    Коронавирус пандемиясына байланысты Ақтөбе қаласы қандай жағдайда карантинге жабылатыны белгілі болды, деп хабарлайды Qazweek.kzTengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

    Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиевтің пікірінше, қазіргі таңда қаланы карантинге жабудың қажеті жоқ. Оның айтуынша, шаһардағы жағдай тұрақты.

    «Егер жағдай ушығып, науқастардың саны артса, тиісті шараларды қолға аламыз. Сонда карантин мәселесі қаралады», — деді басқарма басшысы.

    Осыған дейін Ақтөбеде бір адам коронавирус жұқтырғанын, онымен байланыста болған 68 адам карантинге жатқызылғанын хабарлағанбыз.

    Айта кетейік, бүгін елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 60-қа жетті.

    қатысты посттар

    Таразда 456 нысан «Ashyq» қосымшасымен жұмыс істейді

    Фариза

    «Бизнес по-Шымкентски!» Халықтың үрейі мен ажиотажды пайдаланып пайда табушылар көбейді

    Фариза

    Билл Гейтс 2022 жылы COVID-19-дан өлім-жітім саны төмендеуі мүмкін екенін айтты

    Фариза

    Пікір қалдыру

    14 + 6 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.