-1.1 C
Алматы
Пятница, 22 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Коронавирус

    Алматыда коронавирус жұқтырған екі жаңа науқас карантинде болған

    Кеше оңтүстік астанадан коронавирус жұқтырып алған тағы екі адам анықталды. Бүгінгі күні оларға қатысты тың мәліметтер белгілі болды. Қос науқас та карантинде жатқан деп хабарлайды Qazweek.kz KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме жасап.

    Алматы қаласының қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тлеухан Әбілдаевтің сөзінше, вирусты жұқтырған соңғы екі науқас та бұған дейін COVID-19-ға шалдыққандармен байланыста болған. Соған орай, олар стационарда карантинде жатқан.

    Соңғы мәліметтерге сәйкес, бүгінгі күні Алматыда инфекциялық ауруханада 22 адам жатыр.

    «Екі науқастың да жағдайы қанағаттандырарлық. Бүгінгі таңда, қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында — 22, балалар жұқпалы аурулар ауруханасында екі бала және ауру жұқтырған бір ана бар. Қазір екі аурудың, оның ішінде бір баланың денсаулығы орта ауырлық жағдайында, қалғандарының жағдайы қанағаттандырарлық.

    Бүгінде қаланың провизорлық госпитальдерінде 660 азамат, ал үй карантинінде 1462 адам бар. Қосымша карантиндік стационарларда 778 адам жатыр. Карантинге оқшауланған барлық азаматтардың дене қызуы қалыпты дерлік жағдайда, катаралдық ауытқулары жоқ» , — деді Әбілдаев.

    Айта кетейік, бұған дейін елімізде коронавирус жұқтырған адамдардың саны 60-қа жеткенін хабарлаған болатынбыз. Нұр-Сұлтан әкімі елордадағы карантин талаптарын күшейтіп тастады.

    қатысты посттар

    Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында шектеу шаралары күшейтілді

    Фариза

    Таразда 456 нысан «Ashyq» қосымшасымен жұмыс істейді

    Фариза

    Медицина маманы қайтыс болған жағдайда 10 миллион теңге беріледі — министр

    Фариза

    Пікір қалдыру

    11 − 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.