-10.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Коронавирус

    Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 56 адамға жетті

    Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны тағы екі адамға артты. Жаңа екі дерек Нұр-Сұлтан қаласында тіркелген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабардар етті.

    «Қазақстандағы коронавирус бойынша 22 наурыз, сағат 09.00-дегі жағдай: Коронавирус індетін жұқтырған тағы 2 адам Нұр-Сұлтан қаласында тіркелді», — делінген ведомство хабарламасында.

    Сонымен, соңғы деректерге сәйкес, Нұр-Сұлтанда 31, Алматыда 22, Қарағандыда 2, Алматы облысында 1 адамнан коронавирус анықталған. Осылайша, елімізде жалпы инфекция жұқтырғандар саны 56 адамға жетіп отыр.

    Еске сала кетсек, қазіргі уақытта әлем бойынша Италия мемлекетінде коронавирустан көз жұмғандар саны рекордтық деңгейге жетіп отыр. Мұнда бір тәулікте 793 адам инфекцияның құрбанына айналған. Қаза тапқандардың жалпы саны 4825 адамға жектен.

    22 наурыздағы дерекке сәйкес, Covid-19 Италияның 53 578 тұрғынынан анықталған.

    Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегінше, әлем бойынша бір тәуліктің ішінде коронавирус жұқтырғандар саны 32 мыңға өсіп, жалпы көрсеткіш 266 мыңға жеткен. 11 мыңнан астам науқас көз жұмған.

    қатысты посттар

    Алакөлде вирус жоқ па?»: Концертке жиналған көрермен желі оқырмандарының түсінбестігін туғызды

    Фариза

    Димаш пен Тасмағамбетов COVID-19 жұқтырған Лещенкомен бірге болған

    Фариза

    Әсел Тасмағамбетова, Кеңес Рақышев, Вячеслав Ким коронавируспен күресуге қанша ақща бөлді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    18 − six =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.