23.3 C
Алматы
Вторник, 20 мая 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Коронавирус

    Коронавирусты тұрғындарға әдейі жұқтырған азамат қайтыс болды

    Жапонияда басқаларына қасақана коронавирус жұқтырған азамат көз жұмды, деп хабарлады Qazweek.kz ақпарат порталы КТК арнасына сілтеме жасап.

    50 жастағы азамат Гамагори ауруханасында жатып жан тапсырған. Жапондықтың өлім себептері әлі жарияланбапты. Бұған дейін наурыз айының басында ер азаматтың коронавирусқа шалдыққаны жайлы айтылыпты. Дәрігерлер тұрғынды ауруханаға алып кете алмай, оның үйде жатуын сұрапты. Алайда ер азамат туыстарына инфекцияны халық арасында тарататынын айтып, көше кезіп кетіпті.

    Жергілікті басылымдардың мәліметінше, ер адамның бір тұрғынға ауруды жұқтырғаны анықталған. Жапонияда коронавирусқа шалдыққан 1594 науқас тіркеліпті, олардың 26-сы аурудан көз жұмған. Дәрігерлер 679 адамды ауруханадан шығарыпты, тағы 60 науқастың жағдайы ауыр көрінеді.

    қатысты посттар

    Коронавируспен күреске биыл бюджеттен 265 миллиард теңге бөлінбек

    Фариза

    Алматыда тұрғын үйлер карантинге жабылды

    Фариза

    Алматы мешіттері жабылып, ертеңнен бастап жұма намаз оқылмайды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    19 + 14 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.