22.3 C
Алматы
Суббота, 7 июня 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Коронавирус

    Алматыдан облысқа кеткен тұрғындарға 14 күндік үй карантині міндетті

    Алматыда жұмыс істейтін, шекараның жабылуына байланысты Алматыдан шығып кеткен облыс тұрғындары үшін 14 күндік міндетті үй карантині туралы жарлық қабылданды, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі zakon.kz порталына сілтеме жасап.

    Алматы облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Алматыда жұмыс істейтін және шекаралардың жабылуына байланысты Алматыдан шығып кеткен Алматы облысының тұрғындары үшін 14 күндік міндетті үй карантинін енгізу туралы жарлық қабылдады.

    Облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Қайрат Баймұхамбетов қол қойған құжат Алматыдан кеткен барлық тұлғаларды үй карантиніне орналастыруды міндеттейді.

    Оларды облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен әкімдік қызметкерлері телефон арқылы бақылайды.

    Сонымен қатар, бұл жарлықта жүк тасымалына қатысты талаптар бар.

    Бүгіннен бастап тауарлар мен басқа заттар жабық контейнерлерде тасымалданып, зарарсыздандырылып, фумигациялануы керек. Қапталмаған тауарларды тасымалдауға тыйым салынады.

    Жарлық қол қойылған күннен бастап күшіне енді.

    қатысты посттар

    Алматыда «Ақкент» тұрғын үй кешені карантинге алынды

    Фариза

    2 миллион алуы керек коронавирусқа шалдыққан дәрігерлер дәріге ақша таппай жүр

    Фариза

    Америкалық «Novavax» вакцинасының 100 млн дозасын сатып алу жоспарланды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    fifteen − three =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.