Суббота, 9 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    Нұрсұлтан Назарбаев көп қателік жасаса да, оның президентікке қайтіп келетін уақыты келді — Айсұлтан Назарбаев

    Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жиен немересі Айсұлтан Назарбаев facebook желісіне жазба жариялады. Ол өз өмірі туралы, қандай қателіктер жасағаны туралы жазған, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі.

    «Мен осыған дейінгі жасаған күнәларым мен өмір жолым туралы айтуға дайынмын.  Мен 1990 жылы 26 тамызда Алматы қаласында, ҚазССР-де дүниеге келдім. Бұл хатымда барынша шыншыл болуға тырысамын.

    Мен жер бетіндегі ең жаман адам болдым, тіпті ақылға қонымсыз жамандықтар жасадым. Өзіме және отбасыма, жанымдағы жақындарыма жасаған жамандықтарым үшін қатты өкінемін және Алланың алдында тізерлеп тұрып кешірім сұраймын. Өзімнің жан дүниемнен жасаған жамандықтарымды көремін және бұл өте ауыр. Бірақ жанымның ауырғаны бір жағынан жақсы, бұл менің өмір сүріп жатқанымды білдіреді. Сондай-ақ менде барлығын өзгертуге мүмкіндік бар. Балалық шағымда өте мейірімді бала болғаным есімде. Өкінішке қарай, тоғыз жасымда байдың балалары оқитын жаңа мектепке ауыстым. Кейін мейірімді болудың тиімсіз екенін түсіндім. Сыныпта мені барлығы мазақ қылып, жылататын. Таңнан кешке дейін жылайтынмын.

    Мен өмір сүрген қоғам санама жаңа идеологияны сіңірді. 2001 жылғы саяси кризистен кейін Нұрсұлтан Назарбаев пен Рахат Әлиевтің арасында алғаш рет келіспеушілік пайда болды. Кейін Рахат Әлиевті Австрияға елші ретінде жіберді. Тағдырдың жазуына сай, мен де әкеммен бірге Қазақстаннан Австрияға көшіп бардым. Бізбен бірге әкемнің командасында жұмыс істеген бірнеше ҰҚК қызметкері де Австрияға көшті. Ал Дариға Назарбаева болса «Асар» саяси партиясының жұмыстарымен Қазақстанда қалды.

    Мені Рахат Әлиев тәрбиеледі. 11 жасымда әкемнің қызметкерлері қоғам үшін жабық болған КГБ әдебиетін үйрете бастады. Бұл әдебиетте әр адамның нәжіс екені бірақ жағдай жасасаң кез келген адамның үстінен нәжісті кетіруге болатыны жазылған. Сондықтан бұл жаттығу жағдайды қалыптастыруды үйретті. Ол менен полиция қызметкерін (оперативник) жасап шығарғысы келгендей. Теориядан бөлек практика да болды. Олар менің сеніміме кірді. Кейін кезек-кезек сатқындық жасады. Сатқындыққа төзу сондай ауыр еді. Бірақ мен кейін ешкімге ешқашан сенбейтін болдым. Бұл жайттар мен үшін өмірлік сабақ болды деп айта аламын.

    Жыл өткен сайын психологиялық тұрғыдан мықты бола бастадым. 16 жасымда жедел-іздестіру істеріне машықтанғаным соншалық, кез келген адамның сеніміне оңай кіріп, кез келген сырын біле алатынмын. Мен манипулятор болдым. Бірақ бұл әрекеттерді жан дүнием қаламады.

    Мені бұл жаман әлемнен құтқарған тек футбол болды. Мен тек футбол алаңында ойнап жүрген кезде ғана шынайы Айсұлтан бола алдым. Англияда футбол ойнауға кету үшін 2006 жылы мен Нұрсұлтан Назарбаев пен Рахат Әлиевті алдадым. Алдымен, Нұрсұлтан Назарбаев Роман Абрамов арқылы маған «Челси» клубын көрсетті. Бірақ мен бұл спортта талантты болмадым. Мықтылармен бәсекеге түспедім. Рахат Әлиев маған қатты ашуланды. Себебі мен Рахат Әлиевке емес Нұрсұлтан Назарбаевқа өтініш жасадым. Кейін Рахат Әлиев маған жақсы көріну үшін өзінің ескі досы Александр Гайдамак арқылы мені  «Портсмут» футбол клубына қосты. Талантты болғаным үшін емес, таныс арқылы клубта ойнадым» деп жазды Айсұлтан Назарбаев.  Сондай-ақ Айсұлтан Назарбаев экс-президенттің отставкаға кетуіне байланысты да пікір білдірді.

    «Нұрсұлтан Назарбаевтың отставкаға кетуінің артында Кәрім Мәсімов пен Тимур Күлібаев тұр. Бірақ қандай мақсатпен? Дариғаны толығымен орнынан ығыстырғысы келе ме?

    Бірақ бұл адамдар қалайша менің ұстанымымды ашық түрде қолдай алады? Себебі олар Назарбаевтың ұлдарына адал болу туралы да ант берген. Ал олар өз уәделерін орындамады. Бүгін қызының аяғынан шалуға тырысса, ертең ұлдарын да ұрып-соғады. Бұл мемлекетті тез шешім қабылдай алатын бір ғана адам басқаруы керек. Біз одан президенттікке қайта оралуын өтінуіміз керек. Себебі оның мол тәжірибесі кризистен шығуға көмектеседі.

    Иә, келісемін Нұрсұлтан Назарбаев көп қателік жасады. Бірақ қазір оның президенттікке қайтып оралатын уақыты келді. Кім не ойлайтыны маңызды емес, бірақ ол қазіргі жағдайды түзетуге бел байлап оралғаны маңызды», — деп жазды Айсұлтан Назарбаев.

    қатысты посттар

    Назарбев: Бәріміз түсініп, біліп отырмыз, заман өзгерді, жағдай өзгерді…

    «Мен алдандым…» — Ринат Заитов (видео)

    Парламент депутаттарының жалақысы белгілі болды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    one × 3 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.