Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    Ірі сауда нысандары, кинотеатрлар мен спорт нысандары бір жылға салықтан босатылады

    Ірі сауда нысандары, кинотеатрлар мен спорт нысандары бір жылға салықтан босатылады, — деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты.

    Премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов кәсіпкерлікті және отандық өндірісті қолдау шаралары туралы баяндады.

    Ұлттық экономика министрінің айтуынша, Мемлекет басшысының бизнесті қолдау және еңбек нарығында тұрақтылықты қамтамасыз етуге қатысты тапсырмасын орындау үшін 7 негізгі бағыттан тұратын жедел шаралар топтамасы әзірленуде. Бұл қолжетімді қаржыландыру, кепілдіктер беру, салықтық ынталандыру және бизнесті тексерулерді азайту, сондай-ақ халықты жұмыспен қамтамасыз ету.

    Сол 7 бағыттың төртінші бағыты аясында, ұлттық экономика министрінің айтуынша, шағын және орта бизнестің жекелеген санаттары үшін салықтық ынталандырулар көзделеді. Бұл ірі сауда объектілері, кинотеатрлар, театрлар, көрмелер, спорт объектілері.

    Бұл санаттағы заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер үшін бір жылғы мерзіміне мүлік салығынан босату ұсынылады. Бір тоқсанға өсімпұл есептеуді тоқтату керек. 3 тоқсан үшін салықтық есептілік мерзімін ауыстыру қажет дейді ол.

    Алтыншы бағыт аясында жалпыға бірдей белгіленген режимде жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлерді салықтан босату ұсынылады.

    «Арнайы салық режимдері бойынша жұмыс істейтін кәсіпкерлердің кірістері осы жылдың басынан бастап салықтан босатылғанын атап өткен жөн. Жалпыға бірдей белгіленген режимді пайдаланатын кәсіпкерлерді қолдауға болады деп санаймыз», — деді ұлттық экономика министрі.

    «Кеше Мемлекет басшысы телевизия арқылы жасалған үндеуінде атап өткендей, кәсіпкерлікті қолдауға және жаңа жұмыс орындарын құруға кем дегенде 300 миллиард теңге бөлінетін болады. Несиелерді субсидиялау және салықтық ынталандыруларды беру мәселелері қосымша пысықталды, сондай-ақ «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде 400 млрд теңгеге дейін қосымша теңгедегі өтімділік берілетін болады. Қызметтік белсенділікті сақтаудан басқа 160 мың жаңа жұмыс орны құрылады. Жалпы, аталған жедел шаралар еңбек нарығына және экономикаға тұрақтандыру әсерін береді», — деді Дәленов.

    Қасым-Жомарт Тоқаев отандық кәсіпкерлерді қолдауға және жаңа жұмыс орындарын ашуға 300 миллиард теңге бөлінетінін мәлімдеген еді.

    Сондай-ақ, мұның алдында ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мадина Әбілқасымова Қазақстанда жеке тұлғалардың тұтыну қарыздары бойынша 90 күннен астам мерзім өткен кезде сыйақы есептеуге тыйым салынатыны туралы айтқан болатын.

    қатысты посттар

    Назарбаев пен Тоқаев қатысып жатқан форум алдында көпбалалы аналар шеруге шықты

    «Әр адам жақындарының денсалығына мұқият болу керек» Тоқаев үндеу жасады

    Фариза

    «Данагүл Тасованы енді алаңға шығарып дүре соғамыз» — депутат Әлімжанов

    Пікір қалдыру

    14 − 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.