Четверг, 26 февраля 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    Қазақстанда коронавирус жұқтырған екі адам тіркелді

    Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған екі адам тіркелгенін хабарлады. Олар – Германиядан Алматыға оралған Қазақстан азаматтары.

    «Елімізде 3 айдан бері коронавирусқа қарсы көп шаралар іске асырылды. Өкінішке қарай, бүгін екі қазақстандық азаматтың коронавирусқа шалдыққаны анықталып отыр. Олар қазір карантинге жатқызылды. Жалпы, оларға барлық қажетті ем жасалып жатыр. Медицина қызметкерлері қажетті дайындықтан өткен. Коронавирусқа қатысты қосымша ақпаратты call-орталыққа 14 06 нөміріне хабарласып, біле аласыздар,» – деді министр.

    11 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Covid-19 коронавирусына байланысты пандемия жариялады. ДДСҰ басшысы соңғы екі аптада Қытайдан басқа елдерде коронавирус жұқтырған жандардың саны 13 есе, ал, вирус тіркелген елдер саны 3 есе өскенін хабарлады.

    қатысты посттар

    Халық енді ғана сенім артқан Президент орнынан кете ме? Тоқаевтың соңғы жазбасы нені білдіреді?

    Фариза

    «Шенеуніктердік коронавирусқа шалдыққаны туралы ақпарат медициналық құпия болып саналады», — Дәурен Абаев

    Фариза

    Алматы мешіттері жабылып, ертеңнен бастап жұма намаз оқылмайды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    twenty − 5 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.