-13.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Коронавирус жұқтырған жанұя туралы хабарлама Орал тұрғындарын шошытты

    Оңтүстік Кореядан келген отбасыда коронавирус анықталды делінген аудиохабарлама Батыс Қазақстан өңірінде мессенджерлер арқылы тез тарап үлгерді. Осы жайтқа байланысты Бас санитарлық дәрігердің орынбасары пікір білдірді деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме жасап.

    Дыбыстық жазбада Кореядан ұшып келген қазақстандықтардың алдымен елордаға, содан Орал қаласына жеткендігі айтылған.

    Жазба авторы оларды Нұр-Сұлтан қаласында бірден карантинге жатқызғанын айтады. Ал басқа қаланың тұрғындарын тиісті қалаларға жеткізілген көрінеді.

    Сондай-ақ, жазбада БҚО орталығында ұшып келгендерді тексермегені айтылған. Соның нәтижесінде, жақында рейс жолаушысының дене қызуы көтерілген көрінеді. Отбасы Мичуринское ауылында тұрады екен.

    Аталмыш аудиожазбада енді бұл «әлем жауы» Оралда да пайда болды делінген.

    Облыстағы Бас санитарлық дәрігердің орынбасары Нұрлыбек Мұстаев бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, қалада расымен де Оңтүстік Кореядан ұшып келген азаматтар бар.

    Алайда олар елге қытайлық жаңа вирусты алып келгені жайлы дерек шындыққа жанаспайды. Мұстаевтың айтуынша, ешқайсысының дене қызуы болмаған. Егер денсаулығында олқылық байқалған болса, олар қазіргі таңда ауруханада болар еді.

    Қазір күн сайын коронавирус анықталған елдерден келген азаматтардың барлығын тексеріп, мониторинг жүргізіліп жатыр.

    Сонымен бірге, желіде таралған аудиожазбадағы сипаттамаға сәйкес келетін бір отбасы бар екен. Олар

    қатысты посттар

    Түркістанда оқу ісінің меңгерушісі аяғы ауыр ұстазбен төбелесіп, түсік тастатты

    Фариза

    42 500 теңге әлеуметтік төлем алғандар жауапқа тартыла ма? Министр түсіндірмесі

    Фариза

    Қазақстанда 1 сәуірден бастап тегін медициналық көмек тоқтатылмақ

    Пікір қалдыру

    14 − 12 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.