-10.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    Халықтың шынайы үрейі коронавирус па? Қатаң санитарлық ережемен неге «Нұр Отанның» отырысы қатар келді?

    2020 жылы 18 наурызда Nur Otan саяси партиясының Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтеді. Аталған жарлыққа Назарбаев қол қойған болатын.

    «Nur Otan саяси партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев 2020 жылдың 18 наурызда партияның Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды. Онда 2020 жылға арналған партияның негізгі міндеттері талқыланады», — делінген Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібайдың Твиттердегі жазбасында.

    Дәл осы жарлыққа байланысты халық арасында бұл отырыстың жайден-жай өтейін деп жатқан жоқтыығын айтып, Президенттің ауысуы мүмкін деген қауесет тарауда. Бірі Нұрсұлтан Назарбаевты Тоқаевты орнынан босатып, тағын қайта қайтарып алмақшы десе, екіншісі қызы Дариғаны билік басына отырғызбақ деп болжауда.

    Шындығында, отырыстың дәл коронавирустың Қазақстанға келу уақытымен теңбе-тең келгендігі де таң қалдырады.

    Естеріңізге сала кетсек, күні кеше еліміздің бас санитары Жандарбек Бекшин: Елімізге коронавирус 11-16 наурыз аралығында келуі мүмкін деген болжам айтып, халықты үрейленуге әкелетін мәлімдеме жасаған болатын. Халықты шулатқан «Наконец-то» деген Бекшиннің сөзі коронавирусты асыға күткенге ұқсайды

    Ал бүгін Тоқаев пен Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов халыққа үндеу жасап, халықты адам көп жиналатын орындарға баруына тыйым салды.

    Аталған жағдайлар расында кездейсоқтық па,  өте қызық көрінеді. Президент пен министр шығарған тыйымдар расында да коронавирустың әсерінен бе, әлде партияның бұл кезекті, әрі маңызды отырысы елімізді бір үлкен өзгеріс күтіп тұр ма,  ол жағын, әрине, уақыт көрсетеді.

    Дегенмен, аталған қауесеттің таралғаны сонша, бұл сөз Абаевтың да құлағына жетіп үлкеріпті.

    – Күн тәртібінде (Nur Otan партиясы саяси кеңесі отырысының – ред.) не көтерілетінін қазір нақты айта алмаймын. Сіз айтып тұрған әңгіме туралы айтарым, мұндай асүйдегі әңгімелерді доғаруларыңызды сұраймын, шын айтам. Мен ақпарат министрі ретінде бұны (18 наурызда Қазақстанда президент ауысады деген ақпаратты – ред) теріске шығарамын, – деп мәлімдеді Абаев.

    қатысты посттар

    Айсұлтан үкіметтің отставкісін кейінге шегерді

    «Адам қолынан қаза тапқаны анық» Жолдасовтың жұмбақ өлімі жайлы досы тың ақпаратпен бөлісті (видео)

    Фариза

    Облыс тұрғындары карантин кезінде Алматыға жұмыс істеуге кіре алмайды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    five + 9 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.