1 C
Алматы
Воскресенье, 17 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Дін

    Биыл қазақстандықтар ауызашарсыз да үлкен қажылықсыз да қалмақ

    Қазақстанда коронавирустың алдын алу шаралары жүргізілуде. Соған байланысты бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов халыққа үндеу жасап, 13 наурыздан бастап, мерекелер мен жабылуы тиіс көптеген нысандар туралы атап өтіп, коронавирустан сақтануға шақырды.

    Мемлекет басшысы елімізде коронавирустың таралуына жол бермеуге байланысты Наурыз мерекесіне арналған қоғамдық шараларды өткізбеу туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар, бұған дейін жоспарланған халықаралық форумдарды кейінге шегеруді тапсырды. Сондай-ақ мектеп оқушыларын демалысқа ерте шығарып, студенттерді қашықтықтан оқуға тапсырма беріп, бүкіл кинотеатрлар мен театрларды жабу туралы шешім қабылдаған болатын.

    «100 адамнан 500 адамға дейін  жиналатын мереке мен шаралардың барлығына тиым салынады», — деп мәлімдеді ЕралыТоғжанов.

    Дәл осы тұрғыда алдағы уақытта Қазақстанда ауызашар өткізуге де тыйым салынады ма деген сауал туындайды. Себебі, Рамазан айы сәуір айының 23-і күні басталып мамыр айының 23-і күні аяқталады. Ал ғалымдар коронавирустың қауіпті ең биік шыңы да сол сәуір аяғында болуы мүмкін деп болжам айтқан болатын. Демек, бұл екі үлкен жағдайдың уақыты бір-біріне дәлме-дәл келіп тұр деген сөз.

    Осы сұраққа байлнасыты Qazweek.kz ақпарат агенттігінің журналисі ҚМДБ-ның өзінен сұрап білді.

    «Қазіргі таңда бұған байланысты ережені билік өкілдері әлі талқылауда. Дәл қәзір, ауызашарға байланысты тыйым салу туралы тапсырма түскен жоқ. Ондай тапсырма түскен жағдайда міндетті түрде хабарлайтын боламыз деп жауап берді», — ҚМДБ.

    Дегенмен, бүгінгі күннің өзінде адам көп жиналатын жұма намазға барудың өзіне тыйым салынып отыр. Сондай-ақ Рамазан айында қазақстандықтар үлкен қажылыққа бару мүмкіндігінен айырылды. Себебі, Сауд арабиясы қажылыққа келушілерді уақытша тоқтату туралы шешім қабылдаған болатын. Бүгінгі күні басқа елдерді былай қойғанда Сауд Арабиясының тұрғындары да коронавирусқа байланысты парызын өтей алмай отыр.

    қатысты посттар

    Пайғамбарымыз ауыз бекіту уақыты туралы не айтқан?

    Фариза

    «Ондаған адам қаза болды» Қазақстанда, Ресейде және бірқатар елде тыйым салынған террорлық ұйым

    Фариза

    Оразаның пайдасын дәлелдеген ғалым Нобель сыйлығын алды (фото)

    Фариза

    Пікір қалдыру

    18 − 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.