-8.1 C
Алматы
Пятница, 15 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    Оқушылар демалысқа ерте шығады, студенттер қашықтан оқиды – Үкімет

    ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов коронавирусқа байланысты 16 наурыздан бастап барлық колледждер мен ЖОО-лар қашықтан оқу режиміне көшетінін хабарлады, деп Qazweek.kz ақпарат агенттігі azattyq-ruhy.kz.

    «Орта білім беру ұйымдары каникулдық демалысқа 2020 жылғы 16 наурыздан бастап, 5 сәуірге дейін шығатын болады. 16 наурыздан бастап, колледждер мен ЖОО-лар қашықтан оқу режиміне көшеді. Оның ішінде, білімді бағалаудың барлық түрі де қашықтан жүргізілетін болады», — деді ол.

    Сонымен бірге, вице-премьер көпшілік жиналатын іс-шаралардың өтпейтінін айтты.

    «10 наурыздан бастап мерекелік, спорттық, мәдени көпшілік іс-шаралар, семинарлар, көрмелер өткізуге тыйым салынады. Екіншіден, денсаулық сақтау, білім беру нысандарында және қоғамдық көпшілік орындарда, халықтық қамтамасыз ету орталықтары, коммуналдық шаруашылық, тамақ өнеркәсібі, сауда-базарларда, қоғамдық тамақтану, вокзалдар, әуежайлар, қонақ үйлерде күшейтілген санитарлық дезинфекциялық режимді орнатамыз. Үшіншіден, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған әлеуметтік нысандарға, әлеуметтік оңалту орталықтарына, мүгедек балаларға арналған оқу орталықтарына баруға тыйым салынады. Каникул кезінде оқушылардың өңірден тыс жерлерге экскурсия жасауына тыйым салынады. Қоғамдық көліктер жуылады, дезинфекцияланады», — деді вице-премьер.

    Кеш Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адхан Гебрейесус коронавирустық инфекцияны пандемия ретінде сипаттайтынын айтты.

    Оның сөзінше, соңғы екі апта ішінде Қытайдан тыс мемлекеттерде вирус жұқтыру деректері 13 есеге артқан. Бүгінде COVID-19 инфекциясын жұқтырғандардың саны 120 мыңнан асады. Індет әлемнің 118 елінде тіркеліп, 4 мыңнан астам адам көз жұмды.

    қатысты посттар

    Бүгіннен бастап мешіттерде уағыз айтылмайды, жамағат қол беріп амандаспайды

    Фариза

    «7-20-25» және «Баспана Хит» ипотекалық бағдарламалары бойынша ай сайынғы төлемдерді Ұзарту ұсынылды

    Фариза

    «Олар мені мәжбүрлеп жатыр, кешіріңдер мені»,- Аманбике Хайрулланың соңғы жазбасы

    Фариза

    Пікір қалдыру

    sixteen − sixteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.