-13.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    «Коронавирус қазақстандықтарды да үй қамақта отыруға мәжбүрлемек» Наурыз қарсаңында қандай шаралар мен орындарға тыйым салынды?

    Қазақстанда коронавирустың алдын алу шаралары жүргізілуде. Соған байланысты бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов халыққа үндеу жасап, 13 наурыздан бастап, мерекелер мен жабылуы тиіс көптеген нысандар туралы атап өтіп, коронавирустан сақтануға шақырды. Qazweek.kz ақпарат агенттігі алдағы демалыс күндеріндегі елімізде орын алатын өзгерістердің тізімін ұсынбақ.

     

    1. Оқушылар демалысқа ерте шығады, студенттер қашықтан оқиды

    «Орта білім беру ұйымдары каникулдық демалысқа 2020 жылғы 16 наурыздан бастап, 5 сәуірге дейін шығатын болады. 16 наурыздан бастап, колледждер мен ЖОО-лар қашықтан оқу режиміне көшеді. Оның ішінде, білімді бағалаудың барлық түрі де қашықтан жүргізілетін болады», — деп мәлімдеді Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов.

    2. Елдегі барлық кинотеатрлар мен театрлар жабылады

    Ойын-сауық сауда орталықтарындағы кинотеатрлар жұмыс істемейді. Біз бұл мәселені қызу талқыладық. Қазір бір фильм кем дегенде бір сағат көрсетіледі. Бұл дегеніміз, адамдар бір бөлмеде біраз уақыт отырады. Сондықтан кинотеатлардың жұмысын тоқтату туралы шешім қабылдадық», — деді Тоғжанов арнайы баспасөз мәслихатында.

    Сондай-ақ аталған тыйым театрларға да байланысты.

    3. Наурыз мерекесіне арналған шаралар тоқтатылады

    Мемлекет басшысы елімізде коронавирустың таралуына жол бермеуге байланысты Наурыз мерекесіне арналған қоғамдық шараларды өткізбеу туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар бұған дейін жоспарланған халықаралық форумдарды кейінге шегеруді тапсырды. Дегенмен шағын және орта бизнес жұмысын жалғастыра беруі тиіс. Қасым-Жомарт Кемелұлы шектеу шаралары олардың жұмысына кедергі келтірмеуі керек екенін атап айтты. Ірі кәсіпорындар да үздіксіз жұмыс істей береді.

    4. Жеңістің 75 жылдығына арналған әскери парад өтпейді

    Мемлекет басшысы елімізде коронавирустың таралуына жол бермеуге байланысты Наурыз мерекесіне арналған қоғамдық шараларды және елордада Жеңістің 75 жылдығына арналған әскери парадты өткізбеу туралы шешім қабылдады.

    5. Үй жағдайында бақылауға алынған адамдар қонаққа барғаны анықталса, әкімшілік жазаға тартылады.

    Әкімдік індеттен сақтану тек дәрігерлерге ғана емес, тұрғындардың тікелей өздеріне де байланысты деп отыр. Індеттің алдын алу  үшін мамандар адамдарға беті-қолын жиі сабындап жуып, қолды спирт антиспетигімен сүртумен қатар, адам көп шоғырланған жерлерге бармау керек екенін ескертті. Үй жағдайында бақылауға алынған адамдардың ескертуді елемей, қонаққа барғаны анықталса, әкімшілік жазаға тартылмақ.

    6. Адамдар көп жиналатын жерлерде қатаң санитарлық ереже енгізіледі

    Атап айтқанда, жаппай мәдени және спорттық шаралар, конференциялар мен көрмелер өткізуге уақытша тыйым салынады. Халық көп шоғырланатын жерлерде, сауда орталықтары мен базарларда, қоғамдық тамақтану орындарында, вокзалдар мен әуежайларда қатаң санитарлық режим енгізіледі.

    7. Азық-түлік мәселесі туындамайды

    Тоғжановтың сөзінше, әлеуметтік маңызы бар 19 өнімнің тек екеуі ғана шетелден келіп жатыр. Ол қант пен тауық еті. Оларды имппорттау туралы мәселе кейінірек туындауы мүмкін.

    Тізімдегі басқа тауарлар — жергілікті өндіріс орындарынан шығады. Тоғжанов олардың Қазақстанға жарты жылға жететінін айтып, сендірді.

    Аталған шаралар халықты қауіпті дерттен сақтаудың бірден-бір жолы екендігін айтуда биліктегілер. Елімізде халық тәуелсіздік алған жылдан бергі тарихында бірінші рет ұлттық мейрамын жылдағыдай ұлан-асыр той қылып тойлай алмайтын жағдайға жетіп отыр. Коронавирус қазақстандықтарды да үй қамақта отыруға мәжбүрлеуде. Себебі, өзіңе де, басқаға да вирусты жұқтырмаудың бірден-бір жолы адамдар көп шоғырланған жерлерге шықпай, тек аса қажеттілік жағдайында ғана шыққан дұрыс екендіктерін биліктегілер де, мамандар да айтуда.

    Қазақстандағы коронавирус

    12 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстанда барлығы 3863 адам бақылауда. Осы күнге дейін барлық санат бойынша 4821 адам бақылауға алынды. Оның ішінде 1 «а» — 1230, 1 «б» — 207, 2 санат бойынша – 3 384 адам. 958 адам бақылаудан алынды.

    12 наурыздағы мәлімет бойынша дене қызуы көтерілген және жедел респираторлы вирус жұқтырған 96 адам ауруханаға жатқызылды, олардың 23-і 1 «б» санатында, 2-ші санатта – 38, 3-ші санатта — 35 адам. Ауруханаға жатқызылғандардың 52-сі үйіне шығарылды. 44 адам стационарда қалды.

    Қазақстанда әзірге коронавирус тіркелген жоқ. Дегенмен, бас санитар 11-16 наурыз аралығында елге коронавирус кіруі мүмкін екенін ескерткен болатын.

     

    қатысты посттар

    Арыс қаласына Жамбыл облыстық мәслихат депутаттары келді

    Dimond Princess кемесіндегілермен бірге ұшып келген продюсер: Біз үшін шешім қабылдаған әуе компанясы мен билік өкілдері біздің конституциялық құқығымызға қол сұқты

    Фариза

    Тоқаев: Жер шетелдіктерге сатылмайды!

    Пікір қалдыру

    seventeen + 6 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.