-13.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    «Баламды үйден алып кеткен адамдарды жауапқа тартуды, әділдікті талап етемін» — Дулат Ағаділдің анасы

    Қазақстан полициясы Нұр-Сұлтандағы тергеу изоляторында 25 ақпанда «жүрегі қысып қайтыс болды» деп хабарлаған белсенді Дулат Ағаділдің анасы Гүлбараш Жолмұхамбетова ұлын қаза болардан бірнеше сағат бұрын үйінен ұстап әкеткен адамдарды жауапқа тартуды талап етті. Бұл туралы ол 10 наурызда Нұр-Сұлтанда бірнеше белсендімен бірге өткізген баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп жазады Qazweek.kz ақпарат агерттігі Азаттық радиосының дерегіне сүйеніп.

    Гүлбараш Жолмұхамбетова ұлының денесіндегі»соққы іздері» туралы бұған дейін әлеуметтік желіде тараған видеоғабайланысты белсенділерді қудалауға қарсы екенін, бұған дейін прокуратураға берген шағымын қайтарып алғанын да айтты.

    — Дулаттың «жүрегі қысып қайтыс болғаны» туралы құзырлы органдардың айтқанына сенбеймін. Оның жүрегі ешқашан ауырмаған. Прокуратурадан әлеуметтік желіде жарияланған видеоны бұғаттауды ғана сұрағанмын. Оларға берген арызымды қайтарып алдым. Ұлыммен жолдас болған белсенділерді қудалағанын қаламаймын. Оларды емес, Дулатымды үйден алып кеткен адамдарды жауапқа тартуды, әділдікті талап етемін, — деді ол.

    Гүлбараш Жолмұхамбетова талабы орындалмаса «аштық жариялайтынын» да мәлімдеді.

    Сейсенбідегі баспасөз мәслихатында «Дулат Ағаділ әдейі өлтірілген болуы мүмкін» деп санайтын белсенділер өздеріне билік тарапынан қысым мен қудалау жиілеп кеткенін айтты. Qaharman құқық қорғау ұйымының белсендісі Дана Жанай Дулат Ағаділ 25 ақпанда Нұр-Сұлтанға келген Еуропарламент депутаттарымен кездесуі тиіс болғанын айтты.

    Бірақ 24 ақпанда кешке жай киімдегі полиция қызметкерлері Талапкер ауылындағы үйінен алып кеткен белсендінің «тергеу изоляторында қайтыс болғанын» ертесіне билік хабарлаған.

    10 наурыздағы баспасөз мәслихатында белсенділер Дулат Ағаділдің қазасынан кейін құрылған қоғамдық штабтың «Ақ әділ» құқық қорғау ұйымына айналғанын, ұйым енді белсендінің қазасы ашық және әділ тергелуіне күш салатынын мәлімдеді.

    Белсенді Серік Жахин биліктен Дулат Ағаділдің отбасына 4-5 бөлмелі пәтер, асыраушысынан айырылған отбасы ретінде ай сайын тиісті жәрдемақы мен бір мәрте ірі көлемде өтемақы беруді, марқұмның балаларының оқуына жағдай жасауды талап ететіндерін айтты.

    Сейсенбі күні бас прокуратура Дулат Ағаділдің денесін мәйтіханадан әкелінген соң видеоға түсірген бірнеше белсенді мен марқұмның анасын тергеуге шақырған.

    28 ақпанда Нұр-Сұлтан прокуратурасы марқұмның сүйегіндегі белсенділер «жарақат ізі» деп атаған дақтар — «биологиялық өлім белгілері» деп мәлімдеген. Прокуратура Ағаділдің туыстары видеоның таралуына байланысты шағым түсіргенін де айтқан. Бұл видеоға байланысты істің қозғалғаны-қозғалмағаны белгісіз. Азаттық тілшісі прокуратурадан әзірге жауап ала алмады.

    Бұған дейін Дулат Ағаділдің туыстарының белсендіні үйінен ұстап әкеткен төрт полицейдің үстінен шағым түсіргені мәлім болған. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Азаттыққа тергеу жүріп жатқанын айтты.

    Дулат Ағаділ 27 ақпанда өзі тұрған Талапкер ауылында жерленді. Жерлеуге мыңнан астам адам қатысты. Ағаділдің қазасынан кейін Қазақстанның бірнеше қаласында өткен наразылық акцияларына қатысушылар белсендінің өліміне билікті айыптап, жоғары басшылардың қызметтен кетуін талап етті.

    Ағаділдің денесіндегі «соққы іздері» туралы видео жарияланғаннан кейін, 1 наурызда Қазақстанның бірнеше қаласында оппозициялық топтар митинг өткізбек болды. Алайда полиция «митинг өтетін» жерге келген ондаған адамды ұстады.

    28 ақпанда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев белсенді Дулат Ағаділ «жүрек талмасынан қайтыс болды» деп мәлімдеген. Ресми сараптама қорытындысы шықпай тұрып айтылған бұл тұжырымды қоғам өкілдері сынаған.

    Дулат Ағаділдің полиция әкеткен соң жұмбақ қазаға ұшырауына байланысты шетелдік дипломаттар да, атап айтқанда, АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі, Ұлыбританияның Қазақстандағы елшілігі мен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының жетекшісі өз ұстанымдарын білдіріп, Нұр-Сұлтанды тергеуді ашық әрі әділ жүргізуге шақырған.

    қатысты посттар

    Ұшаққа отырған ауғандардың жаншошырлық суреті жарияланды

    Фариза

    Өнер иелері «Ломбард 24» компаниясының қаржы пирамидасы екенін білмегенін айтып, халықтан кешірім сұрады

    Фариза

    Қызылорда маңындағы қамыс арасынан маугли-бала табылды (видео)

    Фариза

    Пікір қалдыру

    five × three =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.