2 C
Алматы
Среда, 18 марта 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Мешіт мүфтилері коронавирустың таралуын тоқтату үшін құрбандық шалды

    Бішкек қаласындағы Имам Сарахси мешітінің мүфтилері коронавирустың таралуын тоқтату үшін құрбандық шалды. Бұл туралы Қырғызстан мұсылмандар діни басқармасы хабарлады, деп жазады Qazweek.kz ақпарат агенттігі Dalanews.kz порталына сілтеме жасап.

    «Мүфти мұндай ғұрыпты аурудан тазару үшін де өткізгенін айтты. Ол дұға оқып, халыққа денсаулық пен бірлік, мемлекетке бейбітшілік тіледі» делінген Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасының хабарламасында.

    Мешітте екі сиыр құрбан етіліп, оның еті кедейлерге таратылды. Құрбандық шалу рәсіміне мүфти, ақсақалдар мен жергілікті тұрғындар қатысты. Басқарманың хабарлауынша, мұндай ғұрып елдің басқа да өңірлерінде жасалады.

    Бұл уақытта Душанбеде 4 наурыздан бастап намаз оқитын орындар карантинге жабылды. Мұндай шешімге коронавирус эпидемиясы себеп болды.

    Ал 27 ақпаннан бастап Мекке мен Мәдина қалаларына қажылыққа бару уақытша тоқтады.

    Әлемде COVID-19 коронавирусын жұқтырғандар саны өсіп, дүйсенбі күні 109 045 адамға жетті. Бұл туралы South China Morning Post газеті хабарлады.

    қатысты посттар

    Қарағандыда көпбалалы анаға әкімдік 122 теңге атаулы әлеуметтік көмек берген

    Фариза

    ШЫМКЕНТТЕ 265 895 АЗАМАТҚА ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ТАҒАЙЫНДАЛҒАН

    Фариза

    «Қазір өкпе-ренішті қозғап, дауласатын уақыт емес», — Біртанов дәрігерлерге үндеу жасады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    fifteen + 17 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.