-10.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    «Біз вирустың кірмейтініне кепілдік бере алмаймыз» Бас санитар жақын күндері Қазақстанға коронавирустың кіруі мүмкін екендігін айтты

    Бүгінде әлем бойынша 100 мыңнан астам адам шалдыққан коронавирустың жаңа түрі жақын арада Қазақстанда да тіркелуі мүмкін. Бұл туралы Нұр-Сұлтанда өткен баспасөз мәслихатында еліміздің бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин мәлім етті деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

    Бас санитар болжам бойынша қатерлі аурудың 11-16 наурыз аралығында еліміздің аумағында тіркелуі мүмкін екенін атап өтті.

    «Біздің болжамымызға сәйкес, 11-16 наурыз аралығында бізде коронавирус тіркелуі мүмкін. Бірақ бұл болжам ғана, бір апта ары, бір апта бері, коронавирус тіркелген жағдайда бірден арнайы шаралар қолға алынады. Енді ол болжам орындалмасын деп тілейік», – деді ол БАҚ өкілдеріне.

    Бекшин денсаулық сақтау министрлігінің жанында арнайы топ бар екенін жеткізді.

    Айтуынша, ондағы мамандар коронавирустың келу уақытына болжам жасайды. Қазіргі жағдайда осы індет Қазақстанға бір-екі аптаның ішінде кіруі мүмкін.

    «Өзіңіз көріп отырсыздар, қазіргі кезде коронавирустың шеңбері қысып жатыр. Бас кезінде Қытай ғана болды. Одан кейін Оңтүстік Корея, Иран, енді Еуропа қосылды. Былай қарасаң, бізді коронавирус жан-жақтан қоршап алды.

    Басында біз ауруды кіргізбеуге тырыстық. Ендігі мақсатымыз – ол індеттің таралуына жол бермеу. Біз вирустың кірмейтініне кепілдік бере алмаймыз. Себебі вирус жануар емес, оны бір жерге қамап ұстай алмайсың», – деп түйіндеді бас санитар.

    Айта кетейік, бұған дейін жалпы алғанда әлем бойынша 100 мыңнан астам жанның коронавирус жұқтырғанын, ал осы дерттің салдарынан 3,4 мың адамның қайтыс болғанын жазғанбыз.

    Сондай-ақ Моңғолияның мемлекеттік төтенше жағдай комиссиясы елде коронавирус жұқтырудың алғашқы дерегін тіркегенін мәлім етті.

    қатысты посттар

    Медицина маманы қайтыс болған жағдайда 10 миллион теңге беріледі — министр

    Фариза

    Сайлауда жеңіске жеткен Тоқаев қазақ халқына мемлекеттік тілде ант берді

    «Әр нәрсенің түбіртегін жинап жүремін бе?» — көпбалалы аналар шу шығарды

    Пікір қалдыру

    5 × 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.