1 C
Алматы
Воскресенье, 17 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Медиа

    «Кешірім сұраймын…» — Сайрагүл Сауытбай Вашингтоннан Қазақстанға сәлем жолдады (видео)

    Жақында ғана «Батыр әйел» атағына ие болған Сайрагүл Сауытбай Қазақ халқына Вашингтон қаласынан тікелей эфирде сәлем жолдады, деп жазады Qazweek.kz ақпарат агенттігі.

    Вашингтоннан сәлем жолдаған Сайрагүл Сауытбай өзіне тілектес болған жандарға алғысын білдірді.

    «Бүгінде отбасыммен қауышып, Еуропада солармен бірге тұрып жатқаным, ең алдымен, бір Алланың, кейіннен жанашырларым, сіздердің дұға-тілектеріңіздің арқасы. Мен қайда жүрсем де, қазақ болып қаламын! Кішкене кештеу шығып қалдым, кешірім сұраймын», — дейді Сайрагүл Сауытбай.

    https://youtu.be/KHsSEn2Gztg

    Алайда, Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяо этникалық қазақ Сайрагүл Сауытбайдың АҚШ-та «Батылдық үшін» халықаралық сыйлығын алуына қатысты оң пікір білдірмеді. Ол сайрагүлді сатқын деп атап, АҚШ-тың Сайрагүл Сауытбайды марапаттауын барып тұрған арандатушылық деп атады. Елші халықаралық шараны Вашингтонның пиғылы мен шынайы мақсатын көрсеткен циркке теңеді.

    Еске сала кетейік, Қазақстан-Қытай шекарасын заңсыз кесіп өтіп, сотты болған Сайрагүл Сауытбай бүгінде шетелде пана тауып, отбасымен сонда көшіп кеткені белгілі. Бір ғана Қазақстанда емес, бүкіл әлемдік талқыға түскен Сайрагүлдің соты Қытайдағы қазақтардың мәселесін халықаралың деңгейге көтерген болатын.

    Ерлі-зайыпты Уәли Ісләм мен Сайрагүл Сауытбай ұл-қызымен бірге Қазақстанға 2016 жылы көшіп келуді жоспарлаған. Алайда Сайрагүл Қытайда құпия саналатын «саяси қайта тәрбиелеу орталықтарында» жұмыс істегендіктен, «мемлекет құпиясын әшкерелемеу» туралы қолхат берген.

    Қытай оны тарихи отанына жібермеу үшін төлқұжатын тартып алған. Осылайша, қазақ келіншегі Қытайда қалды, ал жұбайы мен балалары Қазақстан азаматтығын алып, атажұртқа оралады.

    2018 жылдың 1 тамызында Алматы облысының Панфилов аудандық соты этникалық қазақты 6 айға шартты түрде бас бостандығынан айырып, сот залынан босатты. Оған Қазақстан аумағынан шығару туралы қосымша жаза қолданылмады.

    Сайрагүл Сауытбайға Қазақстанда «пана іздеуші тұлға» куәлігі берілді, алайда «босқын» мәртебесі берілмеді.

    Сайрагүл Сауытбай 2019 жылдың 3 маусымында Алматыдан Швецияға ұшып кетті. Күйеуі және екі баласы Қазақстан азаматтығынан бас тартқан жоқ.

    қатысты посттар

    9-жасар қалыңдық: Үйлену тойдағы видео жұртты жылатты

    «Қазақтың қанын мойыныма алғым келмейді…» қамаудағы Ринаттың xалыққа айтқаны (видео)

    Масқара! Түнгі клубта жартылай жалаңаш қыздар «Адай» күйіне стриптиз билеп жүр (видео)

    Пікір қалдыру

    eighteen + six =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.